Кәсіби кадрларды даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары тобының кадрлық саясатының маңызды бағытының бірі персоналды дамыту мен оқыту болып табылады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары тобында қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру процестері жүйелендірілген.
Даярлау, қайта даярлау
Бейінді мамандарды даярлау, қайта даярлау және кадрларға деген қажеттілікті толтыру мақсатында, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның кәсіпорындары Қазақстан Республикасының және таяу шетелдердің жетекші жоғары орындары мен колледждарымен ынтымақтастық етуде.
Бейінді мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ есебінен 290 студент оқып жатыр.
Атом саласында жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰЗТУ» ҰАҚ-пен құрылған «Халықаралық атом өнеркәсіп ғылыми-білім орталығы» 2017 жылғы 4 қыркүйекте өз магистратурасының бірінші абитуриенттерін қабылдады. Оқыту үш мамандық бойынша өткізіледі: « Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлай», «Неорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Автоматтандыру және басқару».
Біліктілікті арттыру
Қызметкерлерді кешенді бағалау жүйесін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-та енгізгеннен бастап қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды оқытуды жоспарлау жүйесі жетілдірілді. Бұл қызметкердің оқуға бағытталғанын, сондай-ақ қызметкердің бекітілген жеке даму жоспарына сәйкес оның мақсатты дамуын білдіреді. Оқыту әдісін, түрлерін таңдап алу қызметкердің қызметі мен әлеуетіне өткізілген бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл оның басқарушылық, корпоративтік және кәсіби құзыреттерін өлшеу негізінде жасалады.
Таланттарды басқару
Бүгінгі таңда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-та таланттарды басқару бойынша процесс ойдағыдай енгізілді. Бұл процесс жоғары әлеуетті қызметкерлерді айқындауға, белгіленген уақыт ішінде олардың әлеуеттерін одан әрі барынша жоғары деңгейіне қол жеткізгенге дейін дамытуға, сондай-ақ негізгі қызметтер бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» мен оның кәсіпорындары персоналының мирасқорлығын жоспарлауды ұйымдастыруға ниеттелген. Процесске анықталған таланттарды үш пул бойынша бөлу кіреді: «HiРo» «Leaders», «Management pool». Әр пул үшін Таланттарды дамыту бағдарламасы және оны өту мерзімдері көзделген.
Білімді сақтап қалу
Өте сирек білімді және үздік практикаларды тарату үшін, соның ішінде қызметкерлердің құзыреттерін, машықтар мен білімдерін жетілдіру үшін, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-та Қоғамның және оның кәсіпорындарының қызметкерлері болып табылатын ішкі тренерлері күшімен мастер-класстар өткізіледі. Оны одан әрі корпоративтік порталда орналыстырады және қызметкерлермен таңдап алынған мастер-класс программаларын қарау және тындау үшін қол жетімді болып табылады.
Ардагерлердің өте сирек білімін, салалық индустриалдық тәжірибесін сақтап қалу және тәжірибе мен білімді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мамандарының жас ұрпағына беру мақсатында, «Халықаралық атом өнеркәсіп ғылыми-білім орталығы» жанында Құрметті профессорлар кеңесі «Ақсақалдар кеңесі» істеп тұр. «Ақсақалдар кеңесі» деген кеңес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның кәсіпорындарының, құрмет демалысындағы және уран өнеркәсібіндегі еңбек өтілі 36,8 жылды құрайтын, қазіргі қызметкерлері арасынан атом саласының 21 ардагерін біріктіріді.
Тағылымдама
Кәсіби құзыреттер деңгейін және тәжірибені арттыру шеңберінде Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарының өндірістік объектілерінде, сондай-ақ шетелдік әріптес компанияларда қызметкерлердің тағылымдамадан өту практикасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-та ойдағыдай өтіп жатыр.
Жаңа мамандықтар
Кадрларға деген қажеттілікті, олардың білікті даярлау қажеттілігін жабу мақсатында, 2016 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ҚР БҒМ-мен қызмет түрлері бойынша жаңа мамандықтарды Қазақстанда ашу жұмысын бастады: Қазақстанда аналогы жоқ жылу бөлуші құрастырмалар өндірісі (ЖБҚ) мен аффинаж өндірісі (конверсия). Мысалы, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің 07.08.2017 жылғы №186-д бұйрығымен қолданыстағы «Жылу бөлуші құрастырмалар аппаратчигі» және « Аффинаж зауытының аппаратчигі» деген мамандықтарды Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіне енгізу туралы толықтырулар бекітілді.
Ынтымақтастық
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ арасындағы Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде, «Атом саласына арналған жаңа материалдар» деген халықаралық кафедра Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ базасында құрылды. Оның құрамына Ресей Федерациясының Санкт-Петербург политехникалық университетінің және Томск политехникалық университетінің жетекші ғалымдары мен мамандары тартылды. «Ядролық энергетиканың материалдары» және «Уран өнеркәсібі өнімін алудың инновациялық технологиясы» деген мамандықтар бойынша бейінді магистратураның оқыту бағдарламасы әзірленді.
Ядролық оқыту мен кадрларды даярлау аясындағы ынтымақтастық шеңберінде, соның ішінде ДЯУ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді курстарына, ядролық білім алудағы инновациялық және заманауи оқыту технологиясын дамытып қолдануға, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге, дәрістерді оқу, семинарларды өткізу, ғылыми консультацияларды көрсету және тәжірибемен алмасу үшін ғалымдар мен мамандарды тартуға қатысу шеңберінде Дүниежүзілік ядролық университетпен ынтымақтастық орнатылды. Мысалы, 2017 жылдың 12-15 маусым аралығында ЭКСПО-Астана-2017 аумағында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атом павильонында Қоғамның және оның кәсіпорындарының 60 қызметкері үшін «Бүгінгі таңдағы әлемдік ядролық өнеркәсіп» деген тақырыпта ДЯУ-дың жазғы курсы өткізілді.