Тұрақты даму
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның әлеуметтік бағытталған ірі компания, оның басты құндылығы – адамдар мен олардың аман-сау өсуі.
Тұрақты дамуға қажетті болып табылатын құрастырушылар: экономикалық жетістіктер, жоғары дәрежедегі әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік шаралары. Компанияның тұрақты даму аясындағы тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына, Компания Жарғысына, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың 2016-2025 жылдарға арналған стратегиялық дамуына, сондай-ақ өзге де ішкі құжаттарға сәйкес әзірленген. Қоғамның әлеуметтік жауапты компания ретіндегі позициясын нығайту және Қоғамның орта мерзімді келешекте әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін орындау мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың 2017-2019 жылдарға арналған Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясындағы Тұрақты даму бағдарламасы әзірленіп, бекітілді.
Компания құрылған сәтінен бастап өзіне әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымды дамыту, өзінің қызметкерлерінің, және сонымен қоса уран өндіретін аймақтың тұрғындарыныңөмір сапасы мен әл-ауқат деңгейін жоғарлату бойынша міндеттемелер алды.
Компанияның әлеуметтік қызметінің басымдылық бағыты әлеуметтік бағдарламаларды, білім мен ғылым, денсаулық сақтау мен мәдениетті қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарлату және еңбек жағдайын жақсарту, өндірісте еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны сақтауды жүзеге асыру болып табылады.
Компания қаражатына емханалар, мектептер, балабақшалар, спорттық клубтар, автомобиль көпірі, ойын-сауық орталығы және өзге де әлеуметтік нысандар салынған және жөндеуден өткен.