А
Адаптивтік әдістемеәдістеме, онда шешім оқудың және айқындаудың циклдік процесінде дами бастайды, кері байланыс ілмегімен, онда тым кеш шешімді қабылдау ынталандырылады.Ажырату талдауы(GAP analysis)онда шешуге қажетті, айырмашылықтарды анықтау мақсатында, кәсіпорынның ағымдағы жағдайы мен болашақтағы жағдайын салыстыру.ADKAR(Awareness-тен аббревиатура – хабардар болушылық, Desire - тілек, Knowledge - білім, Ability – қабілеттілік, Reinforcement - бекіту) – бұл өзгеріс моделі, ол ұжымдағы өзгерістермен қатар, жеке өзгерістерді де басқару үшін қолданылуы мүмкін. Алғашқы рет бұл модель «ADKAR: A model for change in business, government and our community», Jeff Hiatt, 2006, кітабында сипатталған. ADKAR моделінің негізгі ойы, топтағы өзгерістерді ойдағыдай басқару үшін, алдымен әрбір нақты адамның өзгерістеріне болысуға үйрену қажеттіліген тұрады. Бұл модель, сол немесе өзге де тәсілдермен өзгеруде, адамға керек, қажетті ресурстар мен кезеңдердің сипаты мен атап өтілуі болып табылады.ARIS(Architecture of Integrated Information Systems) – бизнес-процесстерді модельдеуге арналған IT қосымшаларАктивтер(латыннан activus — әсершіл) - кәсіпорын, фирма, компанияға тиесілі қаражат құралы мен мүліктер жиынтығы (ғимарат, құрылыс, көліктер мен құрал-жабдықтар, материалдық қорлар, банктік салымдар, бағалы қағаздар, патенттер, авторлық құқықтар, ақшалы бағасы бар меншіктер). Сөздің кең мағынасында – ақшалы құнына ие, кез келген құндылықтар. Активтерді материалды және материалды емес деп екіге бөлу қабылданған, соңғысына интеллектуалдық өнім, патенттер, өзге де кәсіпорындардың берешек міндеттемелері, реурстарды пайдаланудағы ерекше құқықтар жатады/div>Активтер профилібекітілген Стратегияны іске асыру үшін қажетті, заңды тұлғаға меншік құқығында тиесілі активтер.Актор (бизнес-талдауда)шешіммен өзара әрекеттесуде нақты рөлді ойнайтын, адам, жабдық немесе жүйе (solution).Ақпаратты өңдеуоны нақты тәртіпте орналастыру процесі, оған қандайда бір аяқталған форма беру, онымен ақпаратты жаңа мазмұн мен мағынаға толтырады.Ақпаратты өңдеу бейнені, форманы құрайды, онымен адам анықтай алады және онымен нақты бейнеде түсіндіріледі. Дегенмен ақпараттық дабылдарды қысқартылғанға дейінгі синтезделген қалыптар мен категориялар кешендеріне жеткізу процесі болады.Алмаспайтын бақылау (Walkthrough)қатысушыар талаптар немесе дизайнды тексеру мақсатында артефактар немесе артефактар жиынтығы арқылы өтетін, сондай-ақ талаптар мендизайнның қателерін, сәйкессіздіктерін, олқылықтарын, дәлсіздіктерін немесе конфликтілерді анықтайтын қарастыру.Артефакт (бизнес-талдау)шешімге қатысты кезкелген нысан, ол бизнес-талдау бойынша жұмыс шеңберінде құрылады.ADKAR(Awareness-тен аббревиатура – хабардар болушылық, Desire - тілек, Knowledge - білім, Ability – қабілеттілік, Reinforcement - бекіту) – бұл өзгеріс моделі, ол ұжымдағы өзгерістермен қатар, жеке өзгерістерді де басқару үшін қолданылуы мүмкін. Алғашқы рет бұл модель «ADKAR: A model for change in business, government and our community», Jeff Hiatt, 2006, кітабында сипатталған. ADKAR моделінің негізгі ойы, топтағы өзгерістерді ойдағыдай басқару үшін, алдымен әрбір нақты адамның өзгерістеріне болысуға үйрену қажеттіліген тұрады. Бұл модель, сол немесе өзге де тәсілдермен өзгеруде, адамға керек, қажетті ресурстар мен кезеңдердің сипаты мен атап өтілуі болып табылады.Ә
Әртараптандыру стратегиясыұйымның жаңа нарыққа және жаңа тауарлармен шығу альтернативаларын стратегиялық таңдау.Б
Бағдарламабір-бірімен байланысқан бірнеше жобалар, онымен басқару оны бөлек-бөлек басқару барысында асқақ,басымдылыққа және басқарылу деңгейіне жету үшін үйлестіріледі.Бағдарлама құжаттамасын басқаруэлектрондық құжаттарды және/немесе құжаттар суреттерін тиімді құруға, қадағалауға және сақтауға бағытталған ережелер мен процедуралар жиынтығы.Бағдарламаларды басқаруресурстарды қолдану тиімділігін арттыруға, тәуекелдерді төмендетуге және әр жобаны сәтті аяқтауға бағытталған бірнеше өзара байланысты жобаларды басқару үрдісі.Бағдарламаның демеушісі(Бизнесті тарнсформациялау бойынша бас директор) – Бағдарламамен орнатылған қойылған мақсаттарға жету және бизнес-пайда табуға жауап беретін Қоғамның лауазымды тұлғасы.Базалық жоспарбағдарламаны іске асыру бойынша міндеттер көрсетілген жұмыстың күнтізбелік жоспары Трансформация бойынша Нұсқаулықта көрсетілген әдістеме мен шаблон негізінде қалыптастырылады.Бенчмаркингжақсарту жөніндегі мүміндіктерді анықтау үшін шешімдер, процестер, қызметтер немесе жүйелер, уақыттар, сапалар немесе өзге де метриктерді басқа көшбасшы ұйымдарымен салыстыру.Бәсекелетік талдау(сompetitive analysis)құрылымдық бағалау, онда пайдалылықтың ұзақ мерзімді болашағын болжау және айтарлықтай маңызды бәсекелестерді анықтау үшін саланың негізгі сипаттамасын бекітеді.Бизнес–ереженақты, іске асырылатын, тексерілетін нұсқаулар, онда бизнестің бақылауында және басқарушы тәртібі, ой-пікірді қалыптастыру немесе шешім қабылдау үшін өлшеуіш қызметін атқарады.Бизнес – мақсатұйым орнатуға ұмтылатын жағдайлары немесе шарттары және, дегенмен ол, саны ретінде емес, сапасы ретінде көрсетілген.BI(Есептілік) - жобаның SAP деректеріне негізделген аналитикалық есептілік құруға жауапты бағытыBPS(Стратегиялық және оперативтік жоспарлау және шоғырландыру) – жоспарлауды, бюджеттендіруді, болжауды және қаржылық шоғырландыруды бір қосымшада қамтамасыз ететін SAP-тың кешенді құралы. Жоспарлармен және болжамдармен тез және икемді жұмысты қолдайды, кезеңді бюджеттендіру және жабу циклдерін қысқартуға ықпал етедіБағдарлама құжаттамасын басқаруэлектрондық құжаттарды және/немесе құжаттар суреттерін тиімді құруға, қадағалауға және сақтауға бағытталған ережелер мен процедуралар жиынтығы.Бизнес–талаптармақсаттар, міндеттер мен нәтижелерді ұсыну, онда неге өзгеріс еленбегені және жетістік қалай бағаланатыны сипатталады.Бизнес қажеттілігіқарастыруға қажетті, стратегиялық немесе татикалық маңызды мүмкіндік немесе мәселе.Бизнес-кейсшешімді иелену және пайдалану үшін жұмсалған шығындармен, күштермен және өзге де факторлармен салыстырғанда, ұсынылып отырған шешімді қолдану нәтижесінде пайдаға негізделген, әрекет бағытын негіздеу.Бизнес-міндетбизнес-мақсатқа жетті ме, соңы көрсету үшін өлшемді нәтиже.Бизнес-проблемастратегиялық немесе тактикалық маңызды мәселе, ол кәсіпорынмен немесе ұйыммен өзінің мақсатына жетуге кедергі жасайды.Бизнес-процессбұл әртүрлі орындаушылармен орындалатын, тұтынушылар үшін нақты өнім немесе қызметі құруға бағытталған және ұйым үшін аяқталған және маңызды нәтижені алуға алып келетін, өзара байланысты іс-шаралар мен міндеттер жиынтығы. Мәселен, жасалған шарт, тапсыру-қабылдау акті, қоймадағы тауарлар және т.б. Көрнекілік үшін бизнес-процестердің блок-сызбалары көмегі арқылы бизнес-процестер рұқсат етіледі.Бизнес- процесс ұйымға қатысы бойынша ішкі болуы мүмкін немесе бірнеше мекемені қамту мүмкін.Бизнес-сәулетдизайн, ұйымның жалпы түсінігін қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның ағымдағы және болашақтағы жағдай тәртібін сипаттау және құрылымдау. Бизнес-сәулет тактикалық қажеттілікпен стратегиялық мақсатты келісу үшін қолданылады.Бизнес-талдау әдістемесі(business analysis approach) – процестер, ережелер, басқарушы нұсқаулар, эвристиктер мен іс-шаралар тобы, олар нақты контексте бизнес-талдауды орындау үшін қолданылады.Бизнес-талдаумүдделі тараптар үшін құндылықты қамтамасыз ететін, шешімнің қажеттілігі мен ұсынысын анықтау арқылы кәсіпорын контекстіндегі қолайлы өзгеріс тәжірибесіБизнес-талдау пакеті(business analysis package) – құжат, презентация немесе өзге мәтін, матрица, диаграмма және моделдер коллекциясы, онда бизнес-талдау бойынша ақпараттар ұсынылады.Бизнес-талдаудың ақпаратыдетализацияның кезкелген сатысындағы ақпараттың кезкелген түрі, онда бизнес-талдау бойынша жұмыс үшін кіру мәліметтері ретінде қолданылады немесе бизнес-талдау шеңберінде жұмысты аяқтау бойынша шығу мәліметтері ретінде қолданылады.Бизнес-үрдістерді басқару(Business process management) - қол және автоматтандырылған үрдістер қалай құрылатынын, өзгертілетінін, болдырылмайтынын және реттелетінін анықтайтын басқарушылық қызмет түрі.Бизнес-үрдістердің реинжинирингісіөнімділік (тиімділік) көрсеткіштерін жақсарту үшін бизнес-үрдістерді қайта ойлау және қайта жобалау.Бизнес-шешімшешім, ол стратегия, әкімшілік пікір, келісілген ой-пікір және бизнес-ереже негізінде құрастырылуы мүмкін, сонымен қатар оқиғаларға жауап ретінде немесе бизнес-процестің нақты нүктесінде не атқарылды, сол ескеріледі.Бинес-аналитиклауазымына немесе ұйымдастырушылық рөліне байланысты емес, бизнес-талдауды орындайтын кезкелген адамБіржолғы прототип(throw-away prototype)қарапайым құралдар арқылы, кейбір жағдайда тек қағаз бен қарындаш көмегімен, дизайн немесе талаптарды жылдам анықтау және нақтылау үшін қолданылатын прототип. Ол қорытынды жүйе құрастырылғанда, шығару үшін арналған.Біріздендірілген модельдеу тілі (Unified modelling language)Object Management Group анықтаған бағдарламалық қосымшаны, әрекет етуді және архитектураны сипаттауға арналған нотация. Сондай-ақ UML бизнес-үрдістерді және деректер құрылымын сипаттау үшін пайдаланылуы мүмкін.Блок-сызбаалгоритмдер немесе процестерді сипаттайтын, сызбаның кең таралған түрі (графикалық модельдер), онда өзара сызықтар арқылы қосылған, бөлек қадамдар әртүрлі формадағы блоктар түрінде суреттеледіБұлтты технологияларбұл өзіне аппараттық құралдарды, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді, байланыс каналдарын, және сонымен қатар пайдаланушылардың техникалық тірегін біріктіретін, ақпаратты сақтау мен өңдеу үшін қолайлы орта. «Бұлтта» жұмыс кәсіпорынның шығының төмендетуге және жұмыс тиімділігін жоғарлатуға бағытталған.
Бұлтты технологиялардың ерекшелігі аппараттық платформаға және географиялық аймаққа үйірлігі емес, масштабтық мүмкіндігі болып табылады. Клиент бұлтты сервистермен интернетке рұқсаты бар, жер шарының кезкелген нүктесінен және кезкелген жабдықтардан жұмыс істей алады, және сонымен қатар өзгерген кәсіпорынның бизнес-міндеттері мен қажеттіліктеріне жылдам көңіл аударады.Бизнес-роль– процесстің өзара байланысты бір немесе бірнеше адымдарын біріктіретін (жүйедегі транзакциялар деңгейіне дейін) шектелген рольБизнес-процесстің ARIS диаграммасы– SAP-та орындалатын жұмыс процесін, бизнес-процесс пен транзакцияның жекелеген адымдарын қоса, нақтыландырып (4-ші деңгейге дейін) көрсету. Бизнес-процесстердің диаграммалары ARIS бағдарламалық жасақтамасында (БЖ) дайындалады.В
Валидациясараптама арқылы растау және объективті дәлелдеме ұсыну, онда нақты қолданылуы үшін арналған ерекше талаптар сақталған.Верификациятексеру, салыстыру, растау.Г
Gap(GapResolutionDocument) (гэп) – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК бизнес-процесстерінің Мақсаттық моделі және/немесе SAP стандарты арасындағы «Дизайн» фазасы барысында айқындалған функционалдық алшақтықGRD(GapResolutionDocument) – функционалдық алшақтықты және оны жоюды сипаттайтын құжат. Оған алшақтықты бизнестік негіздеу, функционалдық талаптарды сипаттау және оларды SAP-та іске асыру әдісі кіреді.Д
Дашборд(инфопанельдер, динамикалық есеп) – бұл статистикалық мәліметтермен, есептермен, көбіне инфографика элементтерімен қысқаша ұсынылған есептер. Тағы дашбордтар деп бағдарламалық интерфейстер, виджеттер, әртүрлі операциялық жүйелердің жұмыс үстелін айтады. Өзге жағдайда – ол көп сандардан тұратын қалыпты әдемі безендірілген ақпаратДекомпозицияәдістер, онда талдауды жеңілдету және осы бөлек компоненттерді ұғыну мақсатында, мәселелерді құрама бөліктерге орналастыруға мүмкіндік береді.Деректер қоймасы(ағылш. Data Warehouse) — ұйымда шешімді қабылдауды қолдау мақсатында арнайы әзірленген және есептілікті, бизнес-талдаманы дайындау үшін арналған пәндік-бағытталған ақпараттық деректер қоры. Деректер қорын басқару жүйесі және шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелері базасында құрылады. Деректер қоймасына келіп түсетін мәліметтер,әдетте, тек оқу үшін ғана қолжетімді.Дефинициалдық (анықтайтын) бизнес-ережебір нәрсе әлбетте дұрыс (немесе дұрыс емес) екенін көрсететін ереже; түсінік, білім немес ақпарат үшін дефинициалдық өлшем ретінде арналған ереже. Сонымен қатар құрылымдық ереже ретінде танымал.Диагностикатрансформациялық процестен мүмкін пайда талдауын дайындау және орындау; машықтар мен құзыреттілік, басқару моделі, АТ ландшафты және процестерді автоматтандыру деңгейінің ағымдағы жағдай диагностикасы.Диаграмма «Балық сүйегі»қарастырылатын мәселе негізінде жатқан, себептерді анықтау үшін бірінші себепті талдауда қолданылатын, диаграмманы құру әдістемесі, және сонымен қатар осы себептер арасында болатын өзара қатынас. Сонымен қоса ол Диаграмма Исикавы немесе себепті-тергеу диаграммасы ретінде танымал.Диверсификация(жаңа лат. diversificatio — өзгеріс, алуан түрлі; латынша. diversus — әртүрлі және facere — жасау) – өндірілетін өнімнің ассортиментін ұлғайту және өткізілім нарығын қайта бағыттау, өндірістің тиімділігін жоғарлату мақсатында өндірістің жаңа түрлерін игеру, экономикалық пайда табу.Дизайнқызметтің мақсатты моделін құрастыру және жете сипаттау. Мақсатты АТ ландшафтын анықтау және процестерді автоматтандыру бойынша ұсыныстарды, және сонымен қатар өмірге қабілеттілік параметрлердің мақсатты мағынасын қалыптастыру.Доменбілім саласы, онда кезкелген БҚ үшін жалпы талаптар, терминология мен қызметтілік жиынтығын анықтайды немесе мәселені шешу бастамасы.Drill-down(мәліметтерді детализациялау) – бұл спецификалық аналитикалық техника, онда пайдаланушыға қорытындыдан бастап детализациялауға дейін мәліметтердің әртүрлі деңгейлері арасында қозғалуға мүмкіндік береді. Тереңдеу жолы иерархия бір қалыптылықпен бірге анықталуы мүмкін, немесе өзге де байланыстармен. (Қарапайым сөзбен айтқанда – детализацияға «құлау»).DMT(деректерді басқару) – жобаның орын ауыстырумен және жаңа жүйе үшін деректер дайындаумен байланысты сұрақтардың барлығына жауапты бағытыЕ
ERP-жүйесі(Enterprise Resource Planning – Кәсіпорын ресурстарын басқару) екі мағынада қолданылуы мүмкін. Біріншіден, бұл - сату, өндіріс, сатып алуларды іске асыру және клиенттік тапсырыстарды орындау процесіндегі есеп үшін қажетті, кәсіпорынның барлық ресурстарын салыстыру мен жоспарлаудың ақпараттық жүйесі. Екіншіден (жалпы контексте), бұл – сату, өндіріс, сатып алуларды іске асыру және өндіріс, дистрибьюция және қызмет көрсету саласындағы клиенттік тапсырыстарды орындау процесіндегі есеп үшін қажетті, кәсіпорынның барлық ресурстарын тиімді басқару және жоспарлау методологиясыЖ
Жанама әсер ететін ұйымның сыртқы ортасыфакторлар, операцияға тікелей жылдам әсер етпеуі мүмкін, дегенмен, оларға әсер етеді: саяси факторлар, әлеуметтік-мәдени факторлар, экономика жағдайы, халықаралық оқиғалар, ғылыми-техникалық прогресс.Жете бағалау(Evaluation)ұзақ уақыт аралығында міндеттемелерді орындау тиімділігін және оның мәртебесін анықтау үшін шешімді жүйелі және объективті бағалау, және сонымен қатар міндеттемелерді орындауға дұрыс жақындау үшін шешімді жақсарту жолын салыстыру.Жете жоспар нәтижелерінәтижеге жетудің жұмыс жоспары, күнделікті жұмыс деңгейіне дейін жетеленген. Жоспарды жетелеуге жауапты нәтиже Иесі болып табылады.Жетілдіру бойынша кеңесстратегиялық басқару және Бағдарламаны іске асыруды қолдау, басымдылықтарды анықтау, жұмыстардың орындалу барысын да, Бағдарламаның жалпы прогресін бақылау үшін арналған коллегиялық орган, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Жетілдіру бойынша кеңесі туралы Ережеге сәйкес жұмыс істейді.Жіңішке клиентбағдарлама серверден қосылады, яғни база компьютерде де, локальды желіде де емес, қашықтықтағы серверде орналасады. Қосылу браузер арқылы жүзеге асады.Жобаол нақты ресурстарды ескерумен орнатылған уақыт шеңберінде бірегей өнімдер, қызметтер немесе нәтижелер құру үшін арналған уақытша кәсіпорын.Жобалар портфелітиімді басқаруға жету және ұйымның стратегиялық мақсатын орындауды қамтамасыз ету үшін бірге біріктірілген жобалар немесе бағдарламалар және өзге де жұмыстар жиынтығы.Жобалардың интегрирленген жоспарыжоспар Жоспарлау сатысында қалыптасады, жобалар портфелінде қалыптасатын, трансформацияның барлық жоспарының басталу және аяқталу мезгілдері көрсетілген. Жобалар бойынша мезгілдерді Бағдарламаны Модернизациялау жөніндегі Кеңес бекітеді.Жобалау жоспары4-ші деңгейге дейін детализацияланған жобалар немесе Бағдарламалар жоспары. Барлық мезгілдерді, жұмыс пакеттері мен нәтижелер бойынша жауапкершілікті, жұмыс пакеттері мен нәтижелер арасындағы өзара тәуелділікті және жүйелілікті сақтайды.Жоспарлаумақсаттарды анықтау процесі және оған жету жолдары. Басқарудың бір қызметі.Жуан клиентбұл клиентке (пайдаланушыға) жүйенің барлық функционалдылығын локальды қамтамасыз ететін қосымша, бағдарлама орталық серверге тәуелсіз жұмыс істейді.Жұмыс өнімібизнес-аналитик талаптарды әзірлеу үрдісі кезінде қолданатын құжат немесе ескертулер не диаграммалар топтамасы.Жұмыс пакетібұл келісілген нәтижеге жетуге бағытталған жұмыстың логикалық біріктірілуі.Жұмыстың иерархиялық құрылымы (Work breakdown structure - WBS)соңғы нәтижеге бағытталған жұмыстың иерархиялық декомпозициясы, ондаміндеттерге жету және талап етілетін нәтижені құру үшін орындалуы қажет.Жұмыстың иерархиялық құрылымы жобаның қорытынды шегін ұйымдастырады және анықтайды.И
Инновацияжаңашылдықты енгізу арқылы нысанды басқарудың тиімді өзгерісі бойынша интеллектуалдық, ғылыми-техникалық немесе өзге де қызметтің қорытындысы.Интерфейсақпараттар берілетін кезкелген екі адамдар және/немесе жүйелер арасындағы жалпы шекара.Итерация (бизнес-талдауда)талдау, құрастыру, тестілеу немесе орындаудың прогрессивтік циклының бір данасы.К
Кезең-кезең жоспарыБағдарлама жоспары, Бағдарламалар саты деңгейіне дейін детализацияланған және сатының нақты бақылау нүктесі аяқталуы бар. Сатыны аяқтау мезгілі Бағдарламаны Модернизациялау жөніндегі Кеңеспен бекітіледі.Кәсіпорын сәулетібизнес-процестерді, ақпараттық технологияларды, адамдарды, операцияларды, ақпараттарды, кәсіпорын жобаларын сипаттау, және сонымен қатар олардың арасындағы қатынасты сипаттау.Кәсіпорын сәулетібұл өзінің негізгі қызметін жүргізудің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттары, аймақтық және әлемдік нарықта нақты миссиялары, және даму стратегиялары, алға қойған мақсаттарға жету және миссияны орындау үшін қажетті ішкі және сыртқы ресурстары бар, кәсіпорынды шаруашылық субъект ретінде, айтарлықтай жалпы және жан-жақты таныстыру, және сонымен қоса қалыптасқан негізгі қызметті (бизнесті) жүргізу ережесі.Кәсіпорынның дайындық бағасыбаға, онда шешіммен байланысты өзгерісті қабылдауға кәсіпорын дайындығын сипаттайды, және сонымен қоса – кәсіпорын шешімді тиімді пайдалануға қабілетті ме.Кәсіпорынның өмірлік цикліпайда болғаннан бастап жойылуға дейінгі ұйымның кезеңі.Кіру (бизнес-талдауда)қорытынды нәтиже (шығу) алу үшін пайдаланылатын немесе трансформацияланатын ақпарат. Кіру – бұл міндеттерді бастау үшін қажетті ақпарат.Коммерциялық, пайдалануға дайын технология(Commercial off-the-shelf - COTS) – нарықта қол жетімді алдын ала қапталған шешім, онда осы шешімді сатып алушылардың үлкен тобының жалпы қажеттілігінің барлық немесе айтарлықтай бөлігін шешеді. Коммерциялық дайын шешімдер кәсіпорынның нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кейбіреулерін қалыпқа келтіруді талап етеді.Коммуникацияларақпаратпен алмасу процесі, оның маңызы екі немесе одан да көп адамдар арасында.Компонент шешіміадам, инфрақұрылым, аппараттық құрал, бағдарламалық қамтамасыз ету, қондырғы, қызмет көрсету құралы және үрдіс активтері немесе осы бөліктердің кез келген комбинациясы болатын Шешімнің бөлігі.Коучинг(ағл. coaching – оқыту, жаттықтыру) – бұл нақты нәтижемен белгіленген, клиентпен алға қойған мақсатқа тиімді жетуге мүмкіндік беретін заманауи кеңес беру әдісі.Көлбеу прототиппрототип, онда ұсынылып отырған шешіммен бір деңгейде талаптар мен дизайндерді зерттеу үшін қолданылады, мәселен, клиент тарапынан көзқарас немесе басқа ұйымның интерфейсы.Күш алаңын талдауграфикалық әдіс күшті сипаттау үшін, онда өзгеріске қарсы тұрады немесе оны қолдайды. Өзіне күшті анықтауды, оны қарама-қарсы жақтағы бағыттарда сипаттауды (қолдайтын және қарсы тұратын күштер) қосады, және содан соң әрбір күштің мүмкіндігін бағалау.KPI(KeyPerformanceIndicator) – тиімділіктің шешуші көрсеткіші, негізгі өндірістік көрсеткішQM(Сапаны басқару) – келіп түсетін шикізаттың және өндірілетін өнімнің сапасын басқару облысында пайдаланылады (SAP модулі)Қ
Қалдық тәуекелбастапқы тәуекелді меңгеру үшін іс-шаралар қабылданған немесе жоспарлар әрекетке келтірілгеннен кейін қалған тәуекел.Қосымшаларды біріздендіруақпараттық жүйелерді тиімді және үнемді пайдалану үшін кәсіпорынның бағдарламалық қамтамасыз етулерінің тым көптігін жою.Құрылымолар арасындағы объектілер мен байланыстар жиынтығы (ұйымдастырушылық құрылым, басқару құрылымы, кездесулер мен отырыстар құрылымы, сапаны бақылау құрылымы және т.б.).М
Матрицаақпаратты ұсыну үшін қолданылатын моделдеудің мәтіндік түрі, онда айқасқан сілтеме түрінде, және сонымен қатар кесте форматында категория бойынша ұсынылуы мүмкін.Метамәліметтермәліметтерді сипаттау, онда не құрылым мен спецификалық мәліметтер көзқарасынан, не нысанның нақты данасын сипаттау ретінде, осы мәліметтерді қалай пайдалану керектігін түсінуге көмектеседі.Методологияәдістер, қабылдаулар, процедуралар, жұмыс тұжырымдамалар жиынтығы, және сонымен қатар мәселені шешу үшін қолданылатын ережелер.Метрикаиндикатордың (көрсеткіштің) сандық деңгейі, онда берілген уақыт кезінде өлшенеді.MDM(ағл. master data management) – негізгі мәліметтермен басқару (ағл. master data — шартты-тұрақты (тарнзакциялық емес), ұйымның ақпараттық жүйе мәліметтерімен (көбіне – бірнеше ақпараттық жүйе жағдайында) үшін бағдарламалық құралдар мен технологиялар сериясыМәліметтер – мастерібұл мәліметтер бизнесті жүргізу үшін маңызды ақпараттармен : клиенттер, өнімдер, қызметтер, қызметкерлер, технологиялар, материалдар және т.б. туралы. Олар өте сирек өзгереді және транзакциялық болып табылмайды.Мәліметтерді агрегирлеу (data aggregation)қорытынды түрде ақпаратты жинау, өңдеу және ұсыну процесі. Мәліметтерді агрегирлеу негізінен есеп-қисаптарды қалыптастыру, саясатты құру, денсаулық сақтауды, ғылыми зерттемелерді, статистикалық талдауды басқару және тұрғындардың денсаулығын зерттеу үшін орындалады.Мониторингкүтілетін нәтижемен салыстыру бойынша қаншалықты Шешім жақсы іске асырылғанын анықтау үшін Шешімнен тұрақты негізде мәліметтерді жинау. Сонымен қоса қараңыз Метрика; Индиктор (Көрсеткіш).Миға шабуыл(Brainstorming) – командалық қызмет, оның мақсаты сынауды қолданусыз ойдың жылдам генерациясы арқылы кең немесе алуан түрлі нұсқаулар тобын өндіруге ұмтылыс болып табылады.Мотивацияәрекеттерге ішкі және сыртқы ниеттендіруді құру.Мүдделі тараптардың картасымүдделі тараптардың жағдайын айқындау үшін суреттеме немесе мүдделі тараптар тобын графикалық көрсету. Жақындық дәрежесін Қоғамның сол немесе басқа да мүдделі тараптарға әсер ету мүмкіндік деңгейін білдіреді.Мүдделі тұлғалар (stakeholder)ұйыммен өзінің қызметін орындауын, жетістіктерге жетуін немесе оның қызметіне әсер ететін мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар. Ондай тұлғаларға клиенттер, акционерлер, қаржышылар, сақтандырушылар, инспекторлар, меморгандар, қызметкерлер, мердігерлер, жеткізушілер, қоғамдық ұйымдар және т.б. жатады.Мықты және осал жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер талдауыталдау моделі, онда факторлардың әсерін түсіну үшін және олар бастамаға қалай әсер ету мүмкіндігі қолданылады. Сонымен қоса, олар SWOT-талдау түрінде танымал.MM(Сатып алу және Логистика) – компанияның күнделікті шаруашылық қызметінде орындалатын сатып алу және қорларды басқару функцияларын қолдайды (SAP модулі)Н
Нақты уақытта аналитикалық өңдеу(OLAP)бизнес-аналитикадағы әдістеме, онда пайдаланушыларға әртүрлі көзқарастан үлкен көлемді мәліметтерді талдауға мүмкіндік береді.Негізгі деректерді басқару мақсаттарыұйым қызметінің түрлі облыстарында деректердің қайталануының, толық еместігінің, қарама-қайшылықтарының жоқ екендігіне көз жеткізу. Негізгі деректерді сапасыз басқарудың мысалы - бұл банктің несиелік өнімді қолданып жүрген, алайда сондай несиені алу ұсынысын алып жүрген клиентпен жұмысы. Дұрыс емес әрекеттің себебі - клиенттермен жұмыс бойыгнша бөлімде клиент туралы өзекті деректердің болмауы.Негізгі деректерді басқару, мастер-деректерді басқару(ағылш. MasterDataManagement, MDM) - компанияның негізгі деректерін (соның ішінде анықтамалық) тұрақты анықтау және басқару үшін үрдістер мен құралдар жиынтығы. Басқа да мынадай атауын кездестіруге болады — анықтамалық деректерді басқару ( ағылш. ReferenceDataManagement, RDM).Негізгі концепция(Core concept)бизнес-талдау тәжірибесінің негізін қалаушы алты идеяның біреуі болып табылады: Change (Өзгеріс), Need (Қажеттілік), Solution (Шешім), Context (Контекст), Stakeholder (Мүдделі тараптар), and Value (Құндылық).Нәтижебұл құжат түріндегі өлшенетін сезілетін және тексерілетін жұмыстар нәтижесі. Нәтижелер жобалық жұмыстарды орындауды қадағалаудың негізгі элементі болып табылады.О
Оптимизациялаунысан параметрлер маңызын анықтау мақсатында, нәтижеге әсер ететін, көптеген факторларды іріктеу процесі, онда оның ең жақсы жағдайына қол жеткізіледі, ол өз кезегінде нысанды жүйе ретінде шығуына тиімді параметрлермен қамтамасыз етілуіне рұқсат береді.Өзгеріс (бизнесте)қажеттілікке жауап ретінде өзгеріс актісі.Өзгеріс бақылауыталаптағы және дизайндегі өзгерістерді басқару үшін, өзгерістер орындалмастан бұрын, сұрастырылатын өзгеріс әсері түсінікті және келісілген болуы қажет.Өзгеріс бойынша командаөзгерісті іске асыруға уәкілді кросс-функционалды тұлғалар тобы. Бұл топ өнімдер иелерінен, бизнес-аналитиктерден, құрастырушылардан, жобалар менеджерлерінен, тақырып саласын іске асыру бойынша сарапшылардан немесе өзгерісті жүзеге асыру үшін қажетті, машықтары мен құзыреттілігіне сәйкес кез келген адамдардан тұрады.Өзгеріс жөніндегі өкіл (агент) (Change agent)ол, өзгеріс катализаторы болып табылады.Өзгертулерді басқару (Change management)бастамаларды өзгерту барысында адам тарапынан өзгерістерге бағытталған жоспарланған іс-шаралар, құралдар мен әдістер. Бірінші кезекте өзгертуден көбірек әсер алатын адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.Өмірлік циклбасынан бастап пайдаға асрыуға дейінгі мәселелер мен нысандардың бірнеше өзгерісі.Өнімнің Бэклогыпайдаланушылар тарихы, талаптары немесе мінездеме жиынтығы, онда бағаланып, сату үшін нақты «үміткерлер» ретінде анықталған.П
Пайдаланушылар қабылдау тестілеуі(business analysis approach)баға, шешімді пайдаланатын мүдделі тұлғалар тобының қажеттілігіне жеткізілетін шешімдер сәйкес келе ме. Баға нақты қабылдау критерийлерін салыстырып қарайды.Приоритизациятәртіпті анықтау мақсатында элементтер тобының қатысты маңыздылығын анықтау, онда олар шешілуге жатады.Прогностикалық әдістемеәдістеме, оның барысында жоспарлау мен негізгі көрсеткіштер, барынша бақылау және тәуекелді барынша төмендету мақсатында инициативаның бастапқы өмір циклінде орнатылады.Прототипмүдделі тараптармен талаптарды анықтау немесе тексеру мақсатында Шешімді жартылай немесе имитациялаумен жақындату..Профилдік емес активтеркәсіпорынның активтері, онда оның негізгі қызметімен байланысты емес.Процес моделіпроцеске әсер етуі мүмкін факторлар мен процестер туралы диаграмма мен қосымша ақпараттар жиынтығы. Кейбір процестер моделі процестің өнімділігін имитациялау үшін қолданылады.PDD(ProcessDocumentDesign) – бизнес-процесстер, рольдер, техникалық аспектілер сипатталған, сонымен қатар жүйені іске қосу үшін қажет өзгерістер тіркелген құжат. Құжатта бизнес-процесстің параметрлері барынша толық анықталған: процесстің адымы, оның қатысушыларының бизнес рольдері, жүйеде орындалатын транзакциялар, жүйені реттеуге арналған техникалық деректер, сонымен қатар Gap (гэптардың) функционалдық алшақтықтарының бекітілген тізіміPP(Өндірісті жоспарлау) – компания өндірісін жоспарлау және бақылау үшін пайдаланылады (SAP модулі)PS– (Инвестицииялар мен жобалар) – кешенді және басқа SAP модульдерімен интеграцияланған жобаларды жоспарлау және басқару модулі. Жобаның шығыстары мен бюджетін жоспарлау, жоспар-кесте құру, материалдар мен қызметтерге тапсырыс беру сияқты басқару процесстеріне арналған құралдар кіреді (SAP модулі)Р
Реинжинирингбұл заманауи бизнес үшін шығындар, сапа, қызмет көрсету деңгейі және оперативтілік сияқты негізгі нәтижелік көрсеткіштерде айтарлықтай жақсартуларға қол жеткізу үшін бизнес-үрдістерді маңызды қайта ойлау және радикалды қайта жобалау. Реинжиниринг мәні талап етілген нәтижелілік көрсеткіштеріне жету үшін ұйымның негізгі бизнес-үрдістерін бөлу және оларды түбегейлі өзгерту болып табылады.Репозиторий/қойманақты тақырып бойынша барлық ақпарат сақталған, іздеуге қолжетімді шынайы немесе виртуалды объект.Ресурстық жоспарнегізгі ақпарат, қолжетімділік, орналасқан жері және әр ресурс бойынша орын ауыстыру есепке алынатын жобаны басқару жоспарының бөлігі болып табылатын адам ресурстарын басқару жоспары.Реттегішстандарттарды анықтау және орындауға жауапты ұйымнан тыс мүдделі тарап.RoleMapping(Рольдерді беру процесі) – жүйені тұтынушыларының рольдерін (транзакцияларды орындау құқықтарын) олардың бизнес-рольдеріне, SAP-тың шаблондық рольдеріне және компанияның мақсаттық өтпелі процесстеріне сәйкес анықтау және беруРольдердің каталогы- SAP тұтынушыларының рольдерінің стандарттық тізбесіС
Сабақ алу үрдісіүрдісті немесе жобаны зерделеу және жақсарту үшін қолданылатын үрдісті жетілдіру әдістемесі. Сабақтарды алу сессиясы команда не жұмыс істеді, не жұмыс істемеді, жаңа ғана аяқталған итерациядан қандай сабақ алуға болады, сондай-ақ жалғастыру немесе кезеңді қайта бастамас бұрын үрдістер мен әдістерді қалай бейімдеу керек сияқты мәселелерді зерделейтін арнайы отырысты қамтиды.Семинар/жұмыс семинары (Workshop)белгілі бір мақсаттарға жету мақсатында мүдделі тараптардың қатысуымен басқарылатын және фокусталған оқиға.Сәулетжобалау, құрылымы және оның компоненттерінің көзқарас құрылымының ағымдағы және болашақтағы тәртібі, және сонымен қатар осы компоненттердің арасындағы өзара әрекеті.CI(ChangeImpact немесе бизнес-өзгеріс) – жобаны табысты іске асыру үшін бизнестің жүргізуі қажет болып табылатын өзгерістер (технологиялар, процесстер, ұйымдар, қызметкерлер бойынша)CO(Контроллинг) – компанияның шығыстары мен пайдаларының ағындарын көрсетеді.SAPSAP-тағы контроллинг модулі бизнес операцияларын жоспарлауды, олардың есептіліктігін және мониторингтеуді қолдайды. Қаржылық есептілікті дайындауға арналған шығыстарды қарау және құрылымдау құралдарымен қамтамасыз етеді (SAP модулі)COA(ChartsofAccounts) – шоттар жоспары (бухгалтерлік есеп және қаржы)CR(ChangeRequest) – өзгертуге (процесстік, ұйымдастырушылық, техникалық жұмыстар көлемін) сұраныс. Жоба бойынша шарттық құжаттардың бір бөлігі болып табылады және мердігермен жасасқан негізгі Келісімшартпен регламенттеледі (дайындау, бекіту, күшіне ену)Стейкхолдер(ағылш. stakeholder; сөзбе-сөз «үлес иесі (пайыз алушы) - компания қызметіне мүдделі адамдар.Стратегиямақсат-міндеттер жиынтығына жету мақсатында кәсіпорын мүмкіндіктерін қолдану үшін таңдап алынған әдістің сипаттамасы.Стратегияресурстарды үйлестіру және тарату жолымен қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті іс-қимылдардың жалпылама моделі; ұйым өз қызметінде басшылыққа алатын шешімдерді қабылдау үшін арналған ережелер жиынтығы.Стратегиялық мақсаттарұйым алдына қоятын мақсаттар, оларға жету әдістері мен оған қажетті ресурстар.Сыртқы интерфейсөзара әрекет, онда ұсынылып отырған шешімнің шегінде тұрады. Ол басқа аппараттық жүйе (hardware system), бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі болуы мүмкін немесе адаммен өзара әрекеті, онымен ұсынылып отырған шешім өзара әрекеттеседі.SAP– (Systems, Application, Products) – бұл кәсіпорын ресурстарын басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесіSAP Security(Авторизациялау және рольдерді беру командасы) – жобаның тұтынушыларды авторизациялау және оларға жүйеде рольдер беру бойынша сұрақтарына жауапты бағытыSD(Өткізу) – міндеттердің және клиенттерге өнімдерді сату және жеткізу кезінде орындалатын операциялардың барлығын оңтайландыруды қамтамасыз етеді (SAP модулі)SIT– (SystemIntegrationTesting) – жүйелік интеграциялық тестілеу. Жолға қойылған процесстердің дұрыстығын тексеруге және жоспарланған дизайнға сәйкессіздікті айқындауға арналғанSME(SubjectMatterExpert) – компанияның пәндік облысындағы сарапшыSolMan(SolutionManager) – жобаның техникалық құжаттарын сақтау, өңдеу, өзгерту және келісу бойынша IT қосымшаТ
Тартылуэмоционалдық және интеллектуалдық жағдайы, сол жағдайда бола тұра, қызметкерлер жұмысты одан да жақсы орындауға тырысады.Тестілеу хаттамасы– өткізілген тестілеу нәтижелерін (күтілетін және нақты) тестілік сценарийдің әрбір адымы үшін сипаттайтын құжат.Техника/әдістемебизнес-талдама бойынша немесе оның нәтижелерін қалыптастыру үшін міндетті іске асыру әдеті, тәсілі немесе стилі.Техникалық тапсырма (statement of work - SOW)орындалуы қажет болатын қызметтер мен міндеттердің жазбаша сипаттамасы.Техникалық-экономикалық негіздеме(ТЭН, Feasibility study) - кәсіпорын шектеулері аясында техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық тұрғыдан мүмкін болуын, сондай-ақ олар кәсіпорын үшін қалаулы пайданы қамтамасыз ете алуын анықтайтын ұсынылған альтернативаларды бағалау.Тәуекелкелешекте болуы мүмкін және шығындар, мерзімдер, сапа және/немесе пайда жағынан Бағдарламаны іске асыруға қолайсыз әсер етуі мүмкін оқиға.Тәуекелдерді басқарукестедегі кедергілерге, шығындардың асып кетуіне, өнімділікпен проблемаларға, қоршаған ортаға қолайсыз әсер етуге және басқа да қажетсіз нәтижелерге әкелуі мүмкін болатын белгісіздіктерді табу, бағалау және төмендету.Тиімділікұйымның мақсаттарға жету дәрежесінің көрсеткіші. Өнеркәсіп, үнемділік, міндеттемелердің орындалуы және ұйымды дамыту параметрлері арасында өзара тиімді қатынаспен сипатталады.Тиімділіктің негізгі көрсеткіштері(ағл. Key Performance Indicators, KPI) – бөлімше (кәсіпорын) қызметінің көрсеткіштері, ондаұйымға стратегиялық және тактикалық (операциялық) мақсатқа жетуге көмектеседі. Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін қолдану ұйымға өзінің жағдайын бағалауға және стратегияны іске асыруды бағалауда көмектесуге мүмкіндік береді. KPI компанияның, бөлімшенің және қызметкерлердің іскерлік белсенділігін бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді. «KPI» атауы үшін көбіне орысша аудармасы «тиімділіктің негізгі көрсеткіштері» немесе ТНК қолданылады.Тікелей әсер ететін ұйымның сыртқы ортасыфакторлар, онда ұйымның операциясына тікелей әсер етеді және өзіне ұйым операциясының тікелей әсерін сезеді: жеткізушілер, еңбек ресурстары, заңдар мен мемлекеттік реттеу мекемелері, тұтынушылар мен бәсекелестер.Трансформация бағдарламасыбұл компанияның операциялық қызметін трансформациялау жобалар жиынтығы, бизнес-процестер мен құрылымдарды стандартизациялау және оптимизациялау мақсатында қалыптастырылған және іске асырылған, қызмет тиімділігін жоғарлату, бірыңғай ақпараттық кеңістік және интегрирленген басқару жүйесін құру, және сонымен қоса үнемі жетілдірудің корпоративтік мәденитеін құру.Трансформация бойынша орталық команда(Core Transformation Team – CTT) – Бизнесті трансформациялау бойынша қордың Басқарушы директорының басшылығымен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда операциялық қызметті трансформациялау саласындағы сарапшылар қатарынан жасақталған команда. Ол трансформация әдіснамасын қалыптастыруға және Қорға да, трансформациялауға қатысатын Компанияларға да әдіснамалық қолдау көрсетуге танылған.Трансформация(лат. transformatio — өзгерту) құрылымдарды, формаларды және тәсілдерді түрлендіру, қызметті өзгерту.TR– (Қазынашылық) – болжауды, өтімділік деңгейін есептеуді оңтайландырады, қазынашылық операцияларды басқарудың мөлдірлігін және қаржылық тәуекелділіктерді бақылауды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есеп саласындағы талаптарға сәйкестікті, сонымен қатар айналымдық капитал мен қаржылық операциялар бойынша ақпараттың мөлдірлігін және актуалдылығын қолдайды (SAP модулі)Транзакция коды(T-Code) – тұтынушыға SAP-тың белгілі бір транзакцияларын орындауға қолжетімділікті кепілдендіретін әріптік-сандық кодУ
Уақытша жәшік(Time-box)келісілген уақыт кезеңі, онда қызмет соңғы нәтижеге байланысты анықталады немесе іске асырылады.Уақытша оқиғаларуақытқа негізделген оқиғалар, онымен процестің басталуын, бизнес-ереже бағасын немесе қандай да бір өзге де реакцияларды инициалау.UAT– (UserAcceptanceTesting) – қабылдау кезіндегі тестілеу бастар алдындағы дайындықтың маңызды кезеңі болып табылады және жүйенің оны өнімді пайдалануға дайындығын растауға арналғанҮ
Үнемділікшығару көлемі және оны шығаруға қажетті шығындар арасындағы қатынас көрсеткіші.Ұ
Ұйымдық дизайнбұл осы жұмысты орындайтын адамдар мен ұйымдар құрылымы арасында еңбекті бөлісу тәсілдерімен, тиісті мақсаттар мен міндеттер үшін шешім қабылдау процесіндегі сенімділіксізді төмендету процесі.Ұйымдық құрылымесептіліктің рөлі, міндеттері мен құрылымын сипаттау үшін пайдаланатын талдау әдісі, онда бір кәсіпорын шеңберінде жүзеге асырылады.Ұйымдық мәдениеткүтілетін тәртіптің ұйым мүшелерімен жалпы түсінігі.Ұйымдық юнит(бөлімше)кәсіпорын немесе ұйым ішіндегі адамдармен мойындалған қоғам.Ұйымның ішкі ортасыол ұйым ішіндегі ситуациялық факторлар жиынтығы; мақсаты, құрылымы, міндеттері, технология және адамдар.Ұйымның өмірге қабілеттілік бағасыұйымға өзінің қызметін, мақсатқа жету және жаңаруды, сонымен қоса кәсіпорынның тиімділігін анықтайтын, дәстүрлі факторларды пайдаланудыүйлестіру мүмкіндігін бағалауға рұқсат беретін, компаниямен құрастырылған Маккензи әдісі. Ұйымның өмірге қабілеттілігін қамтамасыз ету – бұл қазіргі жағдайға бейімделу мен бәсекелестерден болашақты жылдам және тиімді қалыптастыру болады. Өмірге қабілеттілікті бағалау жеке сұхбат және сауалнама арқылы жүргізіледі.Ф
Фокус-топнақты тауар, қызмет туралы идеялар мен көзқарастарды немесе топтың интерактивті ортасы мүмкіндіктерін анықтау үшін құрылған топ. Қатысушылар модератордың басшылық етуімен өз пікірлерімен, қалауларымен және қажеттіліктерімен бөліседі.Фомальдылықты жеңілдету (Facilitation)тартуды, ынтымақтастықты, өнімділікті және синергияны арттыру арқылы келісілген міндеттерге жету бойынша жүйелік күш салу арқылы адамдарды жүргізу және ынталандыру өнері.FI(Қаржы) – қажетті есептілікті Компанияның шоттар жоспарының негізінде бас кітап, дебиторлар/кредиторлар және есепке алу мен қаржының басқа да облыстары бойынша автоматтандырылған басқаруға және генерациялауға арналған (SAP модулі)Ч
Чеклист/Бақылау тізімі(Checklist (business analysis) - рецензеттер талаптарды верификациялау үшін қолданатын сапа элементтерінің стандартты жиынтығы.І
Іскер саясатқол жетпес нұсқау, онда кәсіпорынның әрекетін басқарады және әсер етеді.Ш
Шамалы баға (Estimate)жоспарлы нәтижелер, ресурстар қажеттілігінің санды бағасы және график, онда бағалау барысында белгісіздік пен беймәлімдік жүйелі ескеріледі.Шешімберілген контекстте бір немесе бірнеше қажеттіліктерді қанағаттандырудың нақты жолы.Шығын және пайда талдауыталдау, онда өзгерісті өндірудегі қаржылық және қаржылық емес шығындарды санмен бағалау және салыстыру немесе тапқан табыстармен салыстыру бойынша шешімдерді іске асыру.HCM(Кадрларды басқару) – бұл модуль әртүрлі компоненттерден тұрады: PersonnelManagement (персоналды басқару), TimeManagement (жұмыс кестесін басқару) және Payroll (еңбекақыны есептеу). HCM SAP модулі SAP-тың Қаржы (FI), Контроллинг (CO), Өндіріс (РР), Сатып алу және логистика (ММ) және т.б. сияқты модулдерімен интеграцияланған (SAP модулі)Э
Эволюциялық прототипмүдделі тұлғалардан кері байланысқа жауапқа үнемі өзгеріп және жаңарып отыратын прототипЭкономикалық эффектұйымдастырушылық -техникалық іс-шараларды енгізу нәтижесінде алынған үнем және осы шараны әзірлеуге және оның әрекет ету мерзімінде енгізуге шығындар арасындағы айырмашылық.Электрондық құжат айналымыұйымдағы оны алғаннан (енгізу, электрондық пошта және т.б.), күйінің өзгеруімен бөлімшелерден өтуден (хабардар ету, келісу, қол қою, жұмыста, жабық және т.б.) бастап, мұрағатқа есепке алумен аяқталатын электрондық құжаттың өмірлік циклы. Электрондық құжат айналымы қандай да бір бизнес-үрдісі аясында орындалатын жұмыстар ағыны ретінде құжаттардың қозғалысын сипаттайтын workflow терминімен жиі белгіленеді. Электрондық құжат айналымы жүйесі (ЭҚЖ) - электрондық құжаттардың өмірлік циклын ұйымдастыру және қолдау негізгі мақсаттары болып табылатын бағдарламалық қамтамасыз ету.