ҮМЗ мен Инкай кәсіпорындары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XVІI Спартакиадасының жеңімпаздары атанды

Бүгін Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кезекті XVІI Спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатында компанияның Бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі бас директоры Қайрат Әбсаттаров қатысушылар мен жанкүйерлерді корпоративті іс-шараның сәтті аяқталуымен құттықтап сөз сөйледі.

«Спартакиада – бұл тек сайыс қана емес, бұл біздің корпоративтік рухымыздың асқақтауы, ынта-ықыласымыздың бірлігі, мақсаттарымыздың тұтастығы. Барлық командалар өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, спорттық дайындықтарын танытты. Сайыстар қызықты, қызуқандылығы жағынан ауқымды республикалық чемпионаттардан кем өтпеді. Барлығыңызды осы керемет спорт мерекесімен құттықтап, қарқынды жоғалтпай спортта да, еңбекте де жаңа жетістіктерге, жеңістерге жете беруіңізге тілектеспін!», - деп атап өтті Қайрат Әбсаттаров.       

Биыл дәстүрлі спорттық шараға Холдинг кәсіпорындарынан келген 800 астам қызметкер қатысты.   «А» және «В» топтарына бөлінген 20 команда 8 спорт түрі бойынша додаға түсіп, мықтыларды анықтады. 

«А» тобында жалпыкомандалық 1 орын мен чемпион атағын «ҮМЗ» АҚ қанжығасына байласа, екінші орынға «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС спортшылары жайғасты, 3 орын «Волковгеология» АҚ спортшыларына бұйырды.  

«В» тобында алтын медаль әкелген жалпыкомандалық 1 орын «Инкай» ЖШС тиесілі болса, екінші орын мен күміс медальді «ЮГХК» ЖШС, 3 орын мен қола медальді «СКЗ-U» ЖШС өзара бөлісті.    

ИНКАЙ

ЮГХК

Салтанатты іс-шара хас шеберлігін танытқан үздік спортшылар мен командаларды марапаттау рәсімімен аяқталды. Спорттық сайыстар жеңімпаздарына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның XVІI Спартакиадасының кубоктары мен медальдарі табыс етілді.