«Қызылту» ЖШС
«Қызылту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылдың 24 наурызында құрылған.
Құрылтайшылары: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «СТХК» ЖШС.
«Қызылту» ЖШС мыс концентратын және өнеркәсіптік молибден өнімін шығару мақсатында құрылған. Кәсіпорын өз қызметін Ақмола облысындағы «Қызылту» кен орнын барлауға арналған келісімшарт шеңберінде жүргізеді.