«KAP Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылғы 30 маусымда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және кен басқармаларының байланыс бөлімшелері негізінде құрылды.
Құрылтайшысы: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.
«KAP Technology» ЖШС-тің негізгі қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың кәсіпорындарын жергілікті және корпоративтік телефон байланысымен, деректерді беру, УҚТ-радиобайланысымен қамтамасыз ету болып табылады.
«KAP Technology» ЖШС құрамына Таукент, Қыземшек, Шиелі кенттерінде және Алматы, Астана қалаларында орналасқан бес байланыс бөлімшелері кіреді. Әрбір байланыс бөлімшесінде өзара және жалпы қолданылудағы телекоммуникациялар жүйесіндегі басқа операторлармен байланыс каналдарын ұйымдастыруға қажетті тораптық жабдықтар қолданылады, бұл вахталық (жұмысшы) кенттерде тұрып жатқан қызметкерлердің араласып, ақпаратпен алмасуына барлық мүмкіндіктерді береді.
«KAP Technology» ЖШС Бас директоры – Алдоңғаров Әлібек Мансұрұлы.