Шымкентте атом саласының үздік қызметкерлері марапатталды

«Жыл қызметкері - 2022» байқауының қорытындысы бойынша 30 қыркүйекте Шымкент қаласында атом саласының үздік қызметкерлерін марапаттаудың кең ауқымдағы салтанатты рәсімі өтті.

Дәстүрлі түрде кәсіби мереке – атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырыла жыл сайын өткізілетін іс-шара саланың үздік қызметкерлерінің еңбегін бағалауға, еңбектің материалдық емес уәждемесін күшейтуге, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.

Мерекелік жиынға атом холдингі кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов өзінің бейне жолдауында барлық атомшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады: «Жыл қызметкері» – біздің бүкіл сала деңгейіндегі корпоративтік тану бағдарламамыздың шыңы. Мен адамдардың бізге жұмыс беруші ретінде сенетінін мақтан тұтамын, ал көптеген жұмысшылар біздің кәсіпорындарда бүкіл әулеттерімен жұмыс істейді. Осы мерейтойлық жылда біз 25 жыл ішінде тең мүмкіндіктер компаниясын құрғанымызды ерекше атап өткім келеді. Мен қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамын және біз бірге одан да көп нәрсені жасай алатынымызға сенемін!».

«Жыл қызметкері - 2022» байқауына Қазатомөнеркәсіптің еншілес және тәуелді кәсіпорындарынан ... қызметкер қатысты. Олардың 21-і «Кәсіпқой» номинациясында, екеу-екеуден «Тәлімгер» және «Болашақ» номинацияларында үздік атанды.

.

«Кәсіпқой» номинациясында салада кемінде 3 жыл жұмыс істеген және кәсіби жетістіктері бар кәсіпорындардың тәжірибелі қызметкерлері бақ сынасты. «Тәлімгер» номинациясында кемінде 10 жылдық өндірістік тәжірибеге ие, өз тәжірибесі мен білімін жас мамандарға беретін өндірісшілер ұсынылды. «Болашақ» номинациясына шағын жұмыс өтілі кезінде елеулі еңбек нәтижелеріне қол жеткізген 30 жасқа дейінгі жас қызметкерлер қатысты.

«Біздің компанияда жұмыс істеу – тұрақтылық пен болашаққа деген сенімділік. Бізде еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын нығайту мақсатында өндірістік процестер үнемі жетілдіріліп отырады», - деді «Кәсіпқой» номинациясының жеңімпаздарының бірі «Иіркөл» (Семізбай-U) филиалының инженер-механигі Батырхан Қасымов.

Осы номинация бойынша тағы бір жеңімпаз – бұл салада 29 жыл жұмыс істеген Орталық Мыңқұдық («Орталық» ӨК) кенішінің геотехнологиялық полигоны учаскесінің 6-дәрежелі жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарі Мәлік Аманбаев: «Мен ұлттық атом компаниясында жұмыс істегенімді мақтан тұтамын, өзім жұмыс істеген жылдары көптеген шәкірттер тәрбиеледім. Тұрақты және жоғары жалақы, жақсы еңбек жағдайлары, мейірімді ұжым және әділ басшылық – бұл біздің компанияда бәріміз бағалайтын нәрсе», - деді.

«Мен өзімді үлкен компанияның бір бөлшегі ретінде сезінгенді ұнатамын, істеп жатқан ісіңнің жауапкершілігін түсіну өте маңызды. Мен өмір бойы Үлбі металлургия зауытында жұмыс істеймін, - дейді «Тәлімгер» номинациясының жеңімпазы, ҮМЗ бериллий өндірісі гидрометаллургия бөлімшесінің 7-дәрежелі аппаратшысы, зауыт ардагері Нұржан Қожахметов. Оның саладағы еңбек өтілі – 39 жыл. – Менімен қатар жұмыс істейтін жігіттер жай ғана қызметкерлер емес – өмірін зауытқа арнаған өз ісінің нағыз патриоттары!».

Байқау жеңімпаздарына мүсіншелер, дипломдар және атаулы кәдесыйлар табыс етілді.