Қазатомөнеркәсіпте әйелдер көшбасшылығы апталығы

1-3 наурызда Қазатомөнеркәсіпте Әйелдер көшбасшылығы апталығы өтуде.

Атом холдингі үшін дәстүрге айналған бұл іс-шара Қазатомөнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің кәсіби және жеке әлеуетін ашуға және олардың компания үшін маңызды мәселелерін шешудегі рөлін күшейтуге бағытталған.

Осы аптада әйелдер көшбасшылығын дамыту және ілгерілетуге арналған бірқатар баяндамалар, панельдік пікірталастар мен мастер-класстар өтеді. Спикерлер ретінде квазимемлекеттік сектордың, жеке бизнестің және атом саласының көшбасшы әйелдері қатысады.

Іс-шараны ашқан Қазатомөнеркәсіптің коммерция жөніндегі бас директоры Әлішер Тайжанов компания гендерлік теңдік қағидаттарын ұстана отырып, барлығына тең мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Ол, әсіресе, өзінің көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып, ұжымды біріктіретін және оны алға қойған мақсаттарға жетелейтін басшы әйелдерді ерекше атап өтті.

Бірінші күні сөз сөйлеген спикерлер өз саласының көшбасшылары және Қазақстан әйелдері үшін шабыттандыратын үлгі болып табылады:

- Нұрбаева Нәзира Нұртөлеуқызы, «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің мүшесі;

-  Адиева Альфия Даулетқалиқызы, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры;

- Ахмурзина Ләззат Жексенбайқызы, KAZENERGY адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директоры.

«Қазатомөнеркәсіпте біз шешім қабылдаудың барлық деңгейінде әйелдердің көшбасшылығы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеміз, - деді Қазатомөнеркәсіптің HR және әлеуметтік жұмыс жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Қожахметова. - Мен мұндай іс-шаралар компания қызметкерлерінің басқарушылық құзыреттерін дамытуға ықпал етеді, оларды жаңа жеңістерге шабыттандырады және өршіл мақсаттарға жетуге ынталандырады деп сенемін».