Қазатомөнеркәсіп «Жоспарлаудың интеграцияланған жүйесі» жобасымен DAMA Kazakhstan Awards байқауында гран-при алды.

Жеңімпаздар 24 қарашада Қазақстандағы DAMA International ресми өкілдігі DAMA Kazakhstan өткізген «Деректер актив ретінде» форумында жарияланды. Бұл – коммерциялық емес, жеткізушілерден тәуелсіз, Қазақстан аумағында ақпарат пен деректерді басқару тұжырымдамалары мен практикаларын ілгерілетумен айналысатын техникалық және іскер мамандардың жаһандық қауымдастығы.

Қазатомөнеркәсіптің «Жоспарлаудың интеграцияланған жүйесі» (ЖИЖ) жобасы болжамды талдауды пайдалана отырып, сапалы деректер негізінде атом холдингі кәсіпорындарының өндірістік қызметінің тиімділігін басқару жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу арқылы байқау комиссиясының назарын аударды.

Интеграцияланған жоспарлау жүйесі – компанияның орта мерзімді жоспарлауы мен өндірістік бағдарламасын басқарудағы аналитикалық шешім. Жүйені енгізудегі мақсат – компанияның бизнес-жоспарларын өндіруші кәсіпорындар деңгейінде дайындау және оларды корпоративтік орталық деңгейінде шоғырландыру мерзімдерін қысқарту, сондай-ақ data science құралдары мен математикалық модельдерді қолдану арқылы компанияны дамытудың баламалы нұсқаларын қалыптастыру.

Қазіргі уақытта Интеграцияланған жоспарлау жүйесі Қазатомөнеркәсіптің 13 еншілес өндіруші компаниясының 6-на енгізілді. Атом холдингіндегі ЖИЖ ерекшелігі – ол бұрғылаудан бастап өндіруге дейінгі уран өндірудің толық циклін цифрландырады, бұл болашақта туындауы ықтимал кез-келген жағдайды модельдеуге мүмкіндік береді.

ЖИЖ жобасын іске асыру нәтижелері:

- бес жылдық кезеңге арналған өндірістік бағдарламаны қалыптастыру;

- жобаның периметріне кіретін еншілес кәсіпорындардың бизнес-жоспарларын қалыптастыру;

- орта мерзімді шоғырландырылған есептілікті қалыптастыру;

- әртүрлі сценарийлер құру және оларды талдау.

Осылайша, егер бұрын Қазатомөнеркәсіптің бизнес-жоспарларын ЕТҰ деңгейінде валюта бағамы мен спот бағасы бойынша түзету шамамен 10 күнде жүзеге асырылса, қазір 1 күннен аспайды. Бұрын тау-кен жұмыстарының жоспары тек жоспарлы жылға жасалса, қазір бүкіл орта мерзімді кезеңге (5 жылға) жасалады. Корпоративтік орталық деңгейінде бизнес-жоспарды шоғырландыру мерзімі 14 күннен 1 күнге дейін қысқарды. Сонымен қатар, тау-кен жоспарлары мен бизнес-жоспарлардың жүйелік интеграциясы деректердің дәйектілігін қамтамасыз ету, өндірістік көрсеткіштерді бизнес-жоспарларға қолмен беру кезіндегі техникалық қателерді азайту үшін жүргізілді.

DAMA Kazakhstan Awards байқауындағы жеңіс ЖИЖ командасына Болоньяда барлық EMEA экономикалық аймағының алдында Қазақстан атынан шығуға және өз жобасын таныстыруға мүмкіндік береді.

ЖИЖ жобасы, оның мақсаттары мен міндеттерімен толығырақ танысу үшін Қазатомөнеркәсіптің экономикалық талдау департаментінің директоры Оксана Зайцевамен сұхбатты қараңыз.