«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2022 жылғы 1-тоқсандағы қызметінің операциялық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») 2022 жылғы 31 наурызда аяқталған бірінші тоқсандағы қызметтің төмендегідей операциялық нәтижелерін жариялайды.

Бұл жарияланым уран өнеркәсібіндегі соңғы оқиғалардың жиынтығын, 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық қызметтің негізгі нәтижелеріне қатысты алдын ала ақпаратты, сондай-ақ Компанияның 2022 жылға арналған соңғы болжамды қаржылық көрсеткіштерін білдіреді. Қызметтің осы операциялық нәтижелеріндегі ақпарат түпкілікті емес және өзгертілуі мүмкін.

Нарыққа шолу

Ресей-Украина қақтығысы, оның гуманитарлық салдарымен қатар, нарық қатысушыларының 2020 жылы COVID-пен байланысты уран жеткізіліміндегі үзілістер кезінде бұрын орын алған ядролық отынның қол жетімділігінің ықтимал тәуекелдеріне қатысты алаңдаушылығын күшейтті. Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей батыс елдерінің санкцияларына ұшырады, бұл заңды және жеке тұлғаларға, капитал нарықтарына, банк жүйесіне, шетелдік сапарларға қойылар бірқатар шектеулерге, сондай-ақ кейбір тауарлардың, соның ішінде энергетикалық шикізаттың белгілі бір түрлерінің импорты мен экспортына тыйым салуға әкелді.

Ядролық отынмен байланысты ешқандай шектеулер енгізілмегеніне қарамастан, ЕО және АҚШ тарапынан Ресейден ядролық отын импортына тыйым салуға бағытталған теріс пікірлер мен нормативтік-құқықтық бастамалардың өсуі байқалады. Болашақта ресейлік отын мен өңдеу қызметтеріне қол жетімділікпен байланысты белгісіздік Батыс энергетикалық компаниялары арасында жеткізілімдердің сенімділігіне алаңдаушылық туғызды, бұл уран, конверсияға және байытуға бағасынын, сонымен қатар спот және ұзақ мерзімді нарықтардағы белсенділіктің өсуіне әкелді.

Қазіргі қиындықтарға қарамастан, әлемнің бірқатар елдерінің үкіметтері өздерінің энергетикалық қауіпсіздік стратегиялары шеңберінде атом энергетикасын кеңейту, генерация көздерін әртараптандыру және көмертексіздендіру мүмкіндігін қарастыруды жалғастыруда:

  • Оңтүстік Кореяның жаңа үкіметі елдің қазбалы отынға тәуелділігін арттырғаны үшін үлкен сынға ұшыраған ядролық энергетикадан біртіндеп бас тарту жоспарын тоқтатады деп күтілуде.
  • Үндістан үкіметі Андхра-Прадеш штатындағы «Коввада» АЭС алаңында «Westinghouse» компаниясының алты AP1000 PWR реакторын салуға қағидатты рұқсат беруді қоса алғанда, елдің энергия теңгерімінде атом электр энергиясын генерациялау үлесін ұлғайту жөніндегі жоспарларын жариялады.      
  • Бельгияның министрлер комитеті алдағы онжылдықта елдің энергетикалық егемендігін сақтау мақсатында екі жаңа реактордың – «Тиханге» АЭС №3 энергия блогының және «Доэль» АЭС №4 энергия блогының қызмет ету мерзімін он жылға ұзартуды мақұлдады. Энергетика министрлігі реакторларды 2035 жылға дейін жұмыс жағдайында ұстау үшін АЭС операторы «ENGIE Electrabel» компаниясымен өзара іс-қимыл жасауға келісті.
  • Біріккен Корольдіктің министрлері Ұлыбритания аумағында атом энергетикасын дамытуға бағытталған «Great British Nuclear» жаңа ұйымын құру туралы уағдаласты, ол 2050 жылға қарай жетеуге дейін жаңа атом электр станцияларын салып, пайдалануға енгізуге әкелуі мүмкін.

Бірінші тоқсаннан кейін:

  • Түркия үкіметі елді үздіксіз электрмен қамтамасыз ету үшін атом реакторлардың санын көбейтуге шақырды. Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі қазіргі уақытта ресейлік «Росатом» корпорациясы Мерсин провинциясындағы «Аккую» АЭС алаңында салынып жатқан төрт ВВЭР-1200-ден басқа 12 ірі атом энергия блогын салу жоспарларын әзірлеуді жариялады.
  • 19 сәуірде АҚШ президентінің әкімшілігі жабылу қаупі төнген атом электр станцияларын қолдау бойынша  6 млрд. АҚШ долларын құрайтын жобаны іске асыруға кірісті. Бұл сертификаттау үдерісін ашудан және атом электр станцияларының иелеріне немесе операторларына қолдау көрсетуге арналған атом энергетикасын несиелеу бағдарламасына өтініш қабылдаудан басталды, олар енді мерзімінен бұрын жабылуды болдырмау үшін қаржыландыруға өтініш бере алады. Несие берудің бірінші кезеңінде жабу туралы жоспарларын жариялаған реакторларға басымдық беріледі.

Саяси жаңалықтардан бөлек, бірінші тоқсанда сұраныс тарапына қатысты бірнеше хабарландырулар жасалды:

  • Қытай Ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) Пәкістандағы «Карачи» АЭС №3 (қуаты 1199 МВт)  энергия блогы желіге сәтті қосылғанын хабарлады. «Карачи» АЭС №3 блогы – Қытайдан тыс жерде салынған «Hualong One» үлгісіндегі екінші су-сулы реакторы.
  • CNNC сонымен бірге Ресей мен Қытай арасындағы атом энергетикасы саласындағы жалғасып жатқан стратегиялық ынтымақтастық аясында Қытайдың Цзянсу провинциясындағы «Тяньвань» АЭС-тің сегізінші энергия блогында ресейлік дизайндағы ВВЭР-1200 реакторына алғашқы бетон құйылғанын хабарлады.
  • «Teollisuuden Voima Oyj» энергия компаниясы құрылғанына 15 жылдан астам уақыт өткен соң, үстіміздегі жылдың наурыз айында Финляндиядағы «Олкилуото» АЭС №3 энергия блогының елдің энергия желісіне қосылғаны туралы хабарлады. «Олкилуото» АЭС №3 блогы – Еуропадағы алғашқы EPR типті реактор, сондай-ақ Финляндиядағы соңғы төрт онжылдықта салынған алғашқы жаңа реактор.

Ұсыныс жағына келетін болсақ, Камеко корпорациясы 2022 жылы өндіріс көлемі 5 миллион фунт U3O8 дейін болатын Саскачеван (Канада) провинциясының солтүстік бөлігіндегі «МакАртур-Ривер» / «Ки-Лейк»-те уран өндірісін қайта бастау туралы жоспарларын жариялады. Камеко компанияның өндіріс көлемін оның нарық қажеттіліктеріне қатысты күтіліміне сәйкес келтіру мақсатында «Сигар-Лейк» кенішіндегі өндірісті бір мезгілде қысқарта отырып, 2024 жылдан бастап, осы кәсіпорында жылына 15 миллион фунт U3O8 көлемінде өндірісті ұлғайтуға ниетті.

Сондай-ақ, 2021 жылғы ұсынысқа Батыс Австралиядағы «Олимпик Дэм» (бұдан әрі – ОД) кенішіндегі өндірістің төмендеуі әсер еткенін атап өткен жөн. ОД өндірісінің деңгейі алдыңғы жылдардағы орташа есеппен жылына 8 миллион фунт U3O8 салыстырғанда, 2021 жылы шамамен 5 миллион фунт U3O8 құрады. ОД-дағы балқыту зауытын күрделі жөндеудің аяқталғанын ескере отырып, өндіріс бұрынғы деңгейге оралады деп күтілуде.

Бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін, 1 сәуірде, «Paladin» компаниясы 200 миллион австралиялық доллар акцияларды орналастырудың сәтті аяқталғанын хабарлады. Орналастырудан түсетін түсімдер Намибиядағы «Лангер-Хайнрих» уран кенішінде уран өндіруді қалпына келтіруді қаржыландыруға бағытталатын болады, онда уранның коммерциялық өндірісін 2024 жылы бастау жоспарланып отыр. «Лангер-Хайнрих» кенішінде уран өндіруді қайта бастау туралы шешімі CNNC корпорациясының өндіріс көлемі үлесінің 25%-ын құрайтын офтейк конракты мен компанияның американдық энергия компанияларына уран жеткізуге арналған қолданыстағы уағдаластықтары аясында қабылданды.

Нарықтық белсенділік және баға белгілеу

Қаңтардың бірінші жартысында Қазақстандағы оқиғалар аясында спот нарығында белсенділіктің жоғары деңгейі байқалды, бұл спот бағасының шамамен 4,00 АҚШ долларына өсуімен қатар жүрді. Келесі бес аптаның ішінде белсенділік күрт төмендеді және спот бағасы жылдың бастапқы деңгейіне оралды. Алайда, тоқсанның аяғында Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстан туындаған геосаяси оқиғалардың нәтижесінде спот бағасы 2011 жылдың сәуірінен бері байқалмаған деңгейге көтеріліп, U3O8 фунты үшін 58,30 долларды құрады. Үшінші тарап көздеріне сәйкес, 2022 жылдың алғашқы үш айындағы спот-транзакциялар көлемі өткен жылдың сол кезеңіндегі көлемге ұқсас болды. Транзакциялар көлемі U3O8 фунты үшін 47,96 АҚШ доллары орташа апталық спот бағасымен 21 млн фунт U3O8 (~ 8 100 тU) құрады, 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы шамамен 21,2 млн фунт U3O8 (8 200 тU) болған U3O8 фунты үшін 29,12 АҚШ доллары орташа апталық спот бағасымен салыстырғанда.

Ұзақ мерзімді нарықта белсенділік алдыңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болды: үшінші тараптардың мәліметтері бойынша, 2022 жылдың бірінші тоқсанында транзакциялар 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы шамамен 9,5 миллион фунт U3O8 (3 600 тU) салыстырғанда шамамен 59 миллион фунт U3O8 (22 700 тU) құрады. Ұзақ мерзімді нарықтағы белсенділіктің өсуі орташа ұзақ мерзімді бағаның U3O8 фунты үшін шамамен 15,00 долларға жылдық 49,00 АҚШ долларына дейін өсуіне әкелді (ай сайын үшінші тарап көздері жариялайды).

Компаниядағы оқиғалар

Геосаяси оқиғалар

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда және жалпы өңірде маңызды геосаяси оқиғалар орын алды. Компанияның 2021 жылғы 4-тоқсандағы Операциялық нәтижелерінде және Компанияның 2021 жылғы операциялық және қаржылық қызметіне шолуда айтылғандай, қаңтар айының басында Қазақстан бірнеше күнге созылған азаматтық толқуларға байланысты бірқатар қайғылы оқиғаларды бастан өткерді, ал ақпан айының соңында әлем Ресей мен Украина әскери қақтығысының куәсі болды. Осыған байланысты қаржы жүйелеріне және жаһандық және өңірлік саудаға әсер ету алаңдаушылық туғызып, нәтижесінде туындаған нарықтағы белгісіздік қазақстандық теңгенің айырбас бағамының және Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары бағасының айтарлықтай құбылмалылығын тудырып отырғанына қарамастан, бүгінгі күні бұл оқиғалар Компанияның қызметіне немесе оның жеткізулеріне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Компания басшылығы осы оқиғалардың нәтижесінде Топтың қаржылық жағдайына немесе операциялық қызметіне болашақта салдары мен әсерін болжай алмайды. Алайда, Компания ықтимал әсерді бақылауды жалғастырады және тәуекелдерді азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Тәуекелдерді төмендету жөніндегі жоспарлар

Компанияның экспортталатын өнімінің бір бөлігі Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалданады, тиісінше Ресей аумағы бойынша транзитпен де, теңіз кемелерімен жүктерді жеткізу мен сақтандырумен байланысты тәуекелдер бар. Қазатомөнеркәсіп Ресейге қарсы санкциялармен жағдайды және олардың дайын өнімді тұрақты негізде тасымалдауға ықтимал әсерін қадағалайды. Бұған дейін Компания Ресей Федерациясынан өтпейтін балама маршрутты салып, сәтті пайдаланған болатын. Бүгінгі таңда дайын өнімді түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге байланысты ешқандай шектеулер жоқ. Компания бірінші тоқсанда келісімшарт жасалған көлемдерді өзінің әдеттегі бағытымен логистика/сақтандырумен байланысты қандай да бір үзілістерсіз немесе проблемаларсыз сәтті жөнелтті.

Сонымен қатар, Компания бүкіл әлем бойынша бірқатар жерлерде қорлардың жеткілікті деңгейін сақтайды. Физикалық жеткізілімдерге қосымша Компанияның өз серіктестерімен және клиенттерімен айырбастар өткізу мүмкіндігі бар, бұл да Қазатомөнеркәсіптің жеткізілімдері бойынша ықтимал тәуекелдерді төмендетеді.

Қазақстаннан жеткізілетін табиғи уран әлемдік бастапқы жеткізілімдердің 45%-дан астамын құрайды және соның салдарынан атом саласының барлық жетекші әлемдік қатысушылары түпкі тұтынушыларға әсерді барынша азайтуды қамтамасыз етуге мүдделі. Уранды Қазатомөнеркәсіп немесе қазақстандық активтерді бірлесіп әзірлейтін компанияның Батыс, Азия немесе еуропалық әріптестері жеткізетініне қарамастан, компания өнімі Батыс кввввввввввввввввввввввввввонверсиялық кәсіпорынға келген сәтке дейін меншік құқығын немесе өзінің шығу тегін өзгертпейді.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама және Директорлар кеңесінің дивидендтер төлеу жөніндегі ұсынымдары

Бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша, 2022 жылғы 12 сәуірде, ҚАӨ 2022 жылғы 11 сәуір күні Нұр-Сұлтанда өткізілген Компанияның Директорлар кеңесі отырысының нәтижелерін жариялады.

Директорлар кеңесі Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын («АЖЖЖ») өткізу мерзімі мен форматы туралы, сондай-ақ бір жай акцияға (бір ҒДҚ бір жай акцияға тең) 876,74 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу туралы ұсынымдар бойынша бірқатар шешімдер қабылдады. Дивидендтердің жалпы сомасы мәселені акционерлердің жылдық жалпы жиналысы бекіткен кезде шамамен 227,4 млрд теңгені құрайды.

2022 жылғы 26 мамырға жоспарланған акционерлердің алдағы сырттай жылдық жалпы жиналысы туралы хабарлама және директорлар кеңесінің 2021 жылға арналған дивидендтерді төлеу жөніндегі ұсынымдары туралы толық ақпарат Компанияның веб-сайтында www.kazatomprom.kz. қолжетімді.

Директорлар кеңесі және Компания Басқармасы

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Самұрық-Қазына» (бұдан әрі – Қор) мүдделерін білдіретін Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Ақшолақов мырза және тәуелсіз директор Әсем Мамутова ханым Қазатомөнеркәсіптің директорлар Кеңесіндегі қызметінен өз еркімен кетті. Қор Компанияға Ернат Бердіғұлов мырзаның кандидатурасын Компанияның Директорлар кеңесінің ағымдағы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге (2023 жылғы 18 мамыр) Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінде Қор мүдделерінің өкілі ретінде ұсыну туралы шешімін ұсынды. Бердіғұлов мырзаны тағайындау, Ақшолақов мырза мен Мамутова ханымның өкілеттігін тоқтату, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің жаңа құрамы акционерлердің алдағы жылдық жалпы жиналысында бекітіледі деп күтілуде.

Аслан Бөлекбай мырза Қазатомөнеркәсіптің Өндіріс жөніндегі бас директоры қызметінен кеткен соң, Ержан Мұқанов мырза 2022 жылғы 14 наурыздан бастап Өндіріс жөніндегі бас директоры болып тағайындалды. Мұқанов мырзаны Қазатомөнеркәсіп Басқармасының мүшесі етіп тағайындау туралы мәселе Компанияның Директорлар кеңесінің қарауына мамыр айында қарастырылатын болады.

Компанияның Директорлар кеңесі мен Басқармасының жаңа мүшелерінің толық өмірбаяндары тағайындауларды ресімдеу және бекіту ретіне қарай Компания сайтында www.kazatomprom.kz жарияланады.

Қазатомөнеркәсіптің 2021 жылғы Біріктірілген жылдық есебі

Бұрын хабарланғандай, 2021 жылға арналған Біріктірілген жылдық есептің (БЖЕ) мәтіндік нұсқасын Компанияның Директорлар кеңесі бекітті. 29 сәуірде БЖЕ Қазатомөнеркәсіптің интернет-ресурсында www.kazatomprom.kz жарияланып, қазіргі уақытта қол жетімді. Есептің интерактивті электрондық нұсқасы Компанияның Интернет-ресурсінде 2022 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей қолжетімді болады.

COVID-19-бен байланысты жағдай 

Компания COVID-19-ға байланысты жағдайды өндірісте де, әкімшілік кеңселерде де қатаң бақылауды жалғастыруда. Қазақстандағы COVID-19 жағдайы тұрақты, шектеулер бүкіл ел бойынша алынып тасталды. Компанияның корпоративтік орталығы мен еншілес кәсіпорындары жұмыстың дәстүрлі офлайн-форматына толығымен оралды.

Вакциналау мәртебесі күнделікті қадағаланады. 2022 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша Компанияның корпоративтік орталығы мен еншілес кәсіпорындарындағы қызметкерлердің 95%-дан астамы (18 247) вакцинаның алғашқы дозасын алды, қазіргі уақытта 94,9% (18 169) толық вакцинацияланды және вакцинацияланған қызметкерлердің 52,3%-дан астамы (9 498) бустерлік дозаны алды.

Статистикалық деректер, сондай-ақ COVID-19 пандемиясына байланысты жағдай тұрақтанған сияқты және Компанияның операциялық және/немесе қаржылық тәуекелдер тізілімінің өзгеруіне әкелуі мүмкін жаңа жергілікті немесе жаһандық оқиғалар болмаған жағдайда, бұл COVID-19-бен байланысты жағдай бойынша ұсынылып отырған соңғы мәлімет болады.

Қазатомөнеркәсіптің 2022 жылғы 1-тоқсандағы операциялық қызметінің нәтижелері 1

 

31 наурызда аяқталған үш ай

 

(U3Oтоннада, егер басқасы көрсетілмесе)

2022

2021

Өзгеріс

Өндіріс көлемі (100% негізде)2

 4 954  

 4 925  

1%

Өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар) 3

 2 685  

 2 791  

-4%

Топ бойынша сату көлемі4

 2 596  

 1 278  

103%

ҚАӨ сату көлемі (Топтың сату көлемі қамтылған)5

 2 355  

 1 278  

84%

Топ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы (АҚШ долл. / фунт U3O8)6*

39,36

29,71

33%

ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы (АҚШ долл. / фунт U3O8)7*

 37,74  

 29,71  

27%

Айдың соңындағы споттық бағалардың орташа бағасы (АҚШ долл./фунт U3O8)8*

 50,01  

 29,52  

69%

Барлық мәндер алдын-ала болып табылады.
2 Өндіріс көлемі (100% негізде): компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді. Өндірістің нақты нақты көлемдері Конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
3 Өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар): компанияның қатысу үлесіне барабар үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемін білдіреді және жылдық өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар) "Инкай" БК-дағы өндіріс көлемін қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға қатысты қалған бөлікті қамтымайды. компанияның бағалы қағаздар шығару проспектісінде бұрын ашылған сату туралы келісімге сәйкес. Өндірістің нақты нақты көлемдері Конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарының (i) ҚАӨ олардың кірістілігіне елеулі әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттіктерінің, (ii) осындай субъектілермен оның қатысуынан түсетін кірістердің ықпалының немесе өзгеру құқығының және (iii) олардың кірістілігін пайдалану қабілетінің болуы жолымен бақылайтын компаниялардың) сатуларын қамтиды. топтың пайда мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілерге қатысты өз өкілеттіктері. Негізгі құқықтардың болуы және ықпалы, соның ішінде елеулі әлеуетті дауыс беру құқықтары, ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаға бақылауын бағалау кезінде ескеріледі).
5 ҚАӨ сату көлемі (топ бойынша сату көлеміне енгізілген): ҚАӨ мен KazakAtom AG (THK) сауда үйінің қорытынды сыртқы сатуларын ғана қамтиды. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
6 Топ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы ҚАӨ мен жоғарыда 4 сілтемеде анықталғандай шоғырландырылған еншілес ұйымдарының сатылымдарын құрайды
ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы: ҚАӨ мен THK қорытынды сыртқы сату үшін уран концентратының бір фунты үшін орташа өлшенген баға. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген.
 Дереккөз: UxC, TradeTech. Бағалар әр апта үшін споттық баға белгілеулерінің орташа мәні емес, айдың соңындағы уранның споттық баға белгілеулерінің орташа мәні болып табылады, өйткені келісімшарттық бағалар шарттары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты.
* Назар аударыңыз, кг-ны U3O8 фунтына ауыстыру коэффициенті 2,5998 құрайды.

Өндіріс көлемі 2022 жылдың бірінші тоқсанында 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100%-дық негізде сәл жоғары, ал қатысу үлесіне барабар негізде төмен болды, бұл негізінен 2021 жылғы шілдеде «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі үлестің 49%-ын сатуға байланысты.

Жеткізуге клиенттердің сұраныстарының түсу мерзіміне байланысты Топ және ҚАӨ бойынша сату көлемі 2022 жылдың бірінші тоқсанында 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда едәуір жоғары болды. Әр тоқсанның сату көлемі клиенттердің жеткізілімге деген сұраныстарының түсу мерзіміне және жеткізілім кестесіндегі сәйкес айырмашылықтарға байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

2022 жылы уранның споттық бағасының өсуі орташа сату бағасына оң әсер етті, ол 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсті. Компанияның ағымдағы келісімшарт портфелі уранның споттық бағаларымен корреляциялайды. Алайда, қысқа мерзімді жеткізілімдер бойынша келісімшарттық баға күні мен нақты жеткізілім күні арасында белгілі бір уақыт айырмашылығы бар, сол уақыт аралығында спот бағасы айтарлықтай өзгеруі мүмкін.  Мұндай уақыт аралығы бағаның жоғары құбылмалылығы кезеңінде сыни болып келеді. Сонымен қатар, кейбір ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша баға белгілеу спот бағасының күрт көтерілуіне дейін келісімшарт бағаның бекітілген базалық компоненттерін қамтиды. Нәтижесінде, 2022 жылдың бірінші тоқсанында сатудың ҚАӨ пен ТОП-тың орташа бағасының өсуі уранның споттық нарығындағы бағаның өсуіне қарағанда төмен болды. Уран нарығында тоқсан сайынғы нәтижелер мен қызмет серпіні жыл бойынша күтулерге қатысты репрезентативті болып табылмайды; жылдық болжамдарды Компанияның бағалық сезімталдық кестесінде 12.1-бөлімде Компанияның 2021 жылғы қаржылық жай-күйі мен қызметінің нәтижелерін талдау уранын өткізу бағалары бойынша сезімталдықты талдауды қараңыз.

Қазатомөнеркәсіптің 2022 жылға арналған болжамдары

(1 АҚШ долларына 460 теңге курсы бойынша)

                   2022

Өндіруші кәсіпорындардың өндіріс көлемі U3O8

(100% негізде), тонна 1, 2

21 000 – 22 0002

Өндіруші кәсіпорындардың өндіріс көлемі U3O8

(қатысу үлесіне барабар), тонна 3

10 900 – 11 5002

Топтың сату көлемі, тонна (шоғырландырылған) 4

16 300 – 16 800

оның ішінде Компанияның сату көлемі, тонна5

13 400 – 13 900

Топтың жалпы кірісі (қаржылық есепке сәйкес)6, млрд. теңге

930-9506

(бұрын 750-760)

оның ішінде U3O8 сатудан түскен түсім (Топ бойынша)6, млрд. теңге 

790-8106

(бұрын 610-630)

Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесіне қарай, C1), АҚШ долл. / фунт*

$9,50 – $11,00

Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесіне қарай, AISC), АҚШ долл. / фунт*

$16,00 – $17,50

Күрделі шығындар (100% негізде), млрд. теңге7

 160-170

1 Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді.
COVID-19 пандемиясының ұзақтығы мен толық әсері және Ресей –Украина қақтығысының әсері әлі белгісіз. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі біздің күткенімізден өзгеше болуы мүмкін.
3 Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар): Компанияның иелену үлесіне барабар үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемін білдіреді және жылдық өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар) "Инкай" БК-ны қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға қатысты қалған бөлігін қамтымайды. Компанияның бағалы қағаздар шығару проспектісінде бұрын ашылған сату туралы келісім. Өндірістің нақты нақты көлемдері Конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 Топтың өткізу көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарының (i) ҚАӨ олардың кірістілігіне елеулі әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттіктерінің, (ii) осындай субъектілермен оның қатысуынан түсетін кірістердің ықпалының немесе өзгеру құқығының және (iii) олардың кірістілігін пайдалану қабілетінің болуы жолымен бақылайтын компаниялардың) сатуларын қамтиды. топтың пайда мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілерге қатысты өз өкілеттіктері. Негізгі құқықтардың болуы және ықпалы, соның ішінде елеулі әлеуетті дауыс беру құқықтары, ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаға бақылауын бағалау кезінде ескеріледі).
5 Компанияның сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек компанияның және THK-ның қорытынды сыртқы сатылымдарын қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
6 Күтілетін түсім 2022 уранның бағаларына және теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдарына күтулердің өзгеруін ескере отырып ғана жаңартылды. Болжамды түсім  белгілі бір уақытта бөгде көздерден алынған уранның бағаларына және Компанияның  1 АҚШ долларына 460 теңге курсы бойынша айырбастау бағамдарына негізделген. Уран бағасының да, теңгенің айырбас бағамының да айтарлықтай құбылмалылығы сақталып отырғандықтан, 2022 жылғы түсім айтарлықтай дәрежеде нақты бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамдарының ықпалына ұшырауы мүмкін.
7 Күрделі шығындар (100% негізде): кеңейтуге арналған шығыстарды қоспағанда, өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындарын ғана қамтиды.
* Назар аударыңыз, кг-ны u3o8 фунтына ауыстыру коэффициенті 2,5998 құрайды.

2022 жылға арналған өндіріс пен сату көлем бойынша болжамды көрсеткіштер өзгеріссіз қалады. Пандемияға байланысты қиындықтар бүкіл өндіріс тізбегіне әсер етуді жалғастыруда. Нәтижесінде, біз 2022 жылға арналған өндіріс көлеміне қатысты неғұрлым кең болжамды диапазонға ие болдық. Компания өндіріс жоспарын орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсауды жалғастыра отырса да, 2022 жылдың аяғындағы өндірістің жалпы көлемі мақсатты мәндерден төмен болуы мүмкін.

Топтың жалпы кірісі болжам көрсеткіші 930 – 950 млрд теңгеге және оның ішінде  U3O8 сатудан түскен түсім болжам көрсеткіші 790 – 810 млрд теңгеге өсті, бұрын бул көрсеткіштер 750 –760 млрд теңге және тиесінше 610 –630 млрд теңгені құрады. Көрсеткіштердің өсуі бизнес-жоспарын дайындау кезіңдегі уран бағасының соңғы болжамдарына (жоспарды дайындау кезінде үшінші тарап көздерінен алынған) және теңгенің жаңартылған айырбас бағамына (1 АҚШ долларына 460 теңге курсы бойынша) негізделген.  

Түсім, сондай-ақ «Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша), С1» және «Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар (қатысу үлесі бойынша С1 + күрделі шығындар), AISC» сияқты көрсеткіштер 2022 жыл ішінде АҚШ долларына теңгенің айырбас бағамының айтарлықтай ауытқуы кезінде жоғарыда келтірілген болжамдардан ерекшеленуі мүмкін. Бастапқыда С1 «Ақшалай өзіндік құн» (қатысу үлесі бойынша) және AISC «Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары» (С1 қатысу үлесі бойынша + күрделі шығындар) болжамды көрсеткіштерінің диапазоны ағымдағы геосаяси жағдайдағы белгісіздікті және теңге құбылмалығы әртүрлі бағыттағы әсерлері мен инфляциялық тәуекелдерден айырманың әлеуетті ұлғаюын көрсету үшін кеңейтілді. Егер ағымдағы ауытқулар мен геосаяси белгісіздіктер 2022 жыл бойы сақталса, болжамды көрсеткіштер жаңартылатын болады.

Компания әлі де қорлардың (қоймалардағы қалдықтардың) мақсатты деңгейін сақтауға тырысады, ол Компанияның шамамен алты-жеті айлық өндіріс көлеміне пропорционалды түрде сәйкес келеді. Алайда, 2022 жылы жеткізілімдер тізбегіндегі пандемияға байланысты қиындықтар мен өндірістік шығындарға байланысты қорлар (қоймалардағы қалдықтар) осы деңгейден төмен болуы мүмкін.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pratkazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.