- Жұмысшы қызметкерлерді, инженерлік-техникалық және жетекші қызметкерлерді дайындау, қайта дайындау, курстар жүргізу және біліктілігін жоғарылату, соның ішінде ядерлік және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерлердің арнайы дайындығы;
- «Қазатомром» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының қызметкерлерін кәсіби дайындау деңгейін бағалау;
- «Қазатомром» ҰАК» АҚ кәсіпорындары мүддесінде студенттерді салалық дайындау;
- Атомдық өнеркәсіп үшін мамандарды дайындау бойынша білім беру мекемелерінің оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіру;
- Қысқа мерзімді дайындық - семинарлар, тренингитер, курстар, Жас мамандар мектебі, Көшбасшылар мектебі, HR-мектеп, Инновациялық мектеп және т.б.;
- Қашықтықтан оқыту әдісімен қызметкерлер біліктілігін жоғарылату (өндіруші кәсіпорындардың инженерлік-техникалық жұмыскерлері, мамандары және менеджерлері).
Өз қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатуға қатысты шығындарды оңтайландыру бойынша кәсіпорындар қалауын ескерсек, Университет 2008 жылдан бастап белгіленген жерлерде – өндірістен айырусыз оқыту бойынша қызметтерді ұсына бастады. Кәсіпорындар сұрауы бойынша оқыту және білім тексеру мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізіледі, осы жағдайда оқу материалдары сәйкес тілге аударылады.
ҚЯУ қызметі сонымен қатар елдің уран өндіру саласының мамандарын оқыту үрдісіне виртуалды және толықтырылған қазіргі уақыттағы ең жаңа инновациялық технологияларын енгізуге бағытталған, бұл сала жұмыскерлерін оқыту деңгейін жаңа сапалы сатыға көтеруге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 170 астам оқыту бағдарламалары жүзеге асырылды, соның ішінде шамамен 80% - мамандарды, жұмысшыларды және инженерлік-техникалық жұмыскерлерді профильдік дайындау және біліктілігін жоғарылату бағдарламалары өндірістен айырусыз жүргізіледі.