Бериллий өндірісі

Бериллий өндірісі Үлбі металлургиялық зауытында ұйымдастырылған.  Әлемдегі үш кәсіпорынның бірі, кен концентратын қайта өңдеуден сапалық параметрге бағыттап, дайын өнім түріне дейін шығаратын толық өндірістік циклі бар, бериллий мен оның негізіндегі лигатур бірінші бериллий өнімін әлемдегі ірі жеткізушісі.

Кәсіпорында  дайындалған технологиялық сызба, бериллий қосылған шикізаттың  қандай да болса түрін  қайта өңдеуге мүмкіндік жасайды.

Теңдессіз технологиялық жабдықтар кәсіпорынға бериллий мен оның құймаларының негізінен алынған бұйымдардың кең ассортиментін өндіруге мүмкіндік жасайды. Гидростатикалық және газостатикалық нығыздағыш қондырғылар  изотоптық қасиеті бар өнім алуды қамтамасыз етеді.

700-800°C

Бериллий құймалары, алюминийден 1,5 есе жеңіл болғанымен, көптеген арнайы болаттардан мықты. Өзінің мықтылығын олар 700-800 градус Цельсия температурасына дейін сақтайды.

Бериллий негізіндегі конструкциялық материалдары бір мезгілде жеңілдікке,мықтылыққа, тоттануға беріктікке және жоғары температураға төзімділікке ие. Бериллий құймалары, алюминийден 1,5 есе жеңіл болғанымен, көптеген арнайы болаттардан мықты. Өзінің мықтылығын олар 700-800 градус Цельсия температурасына дейін сақтайды. Берриллий өндірістің әртүрлі салаларында: электроникада, машина жасау, мұнай және газ өндірістерінде, ядорлық энергетика, медицина, аэроғарыштық салаларында қолданады. Дегенмен, металдың жоғары сынғыштығы беррилийді конструкциялық метал ретінде қолдануға мүмкіндік бермейді.

Беррилий өнімдері:

  • металды бериллий - құймалары;
  • алюмо-бериллий лигатурасы;
  • мыс-бериллий лигатурасы;
  • никельбериллий лигатурасы;
  • оксид бериллий –ұнтақтары;
  • оксид бериллийден бұйымдар;
  • металдық бериллий – ұнтақтары;
  • металдыкерамикалық бериллий – бұйымдар мен дайындамалар.