«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ реакторға дейінгі ЯОЦ тізбегі бойынша, байыту, UO2 ұнтақтарын/отын таблеткаларын өндіруді қоса алғанда, өз қызметін кеңейтіп, жақын арада жылу бөлетін құрастырмаларды шығаруды бастауды жоспарлап отыр.
2013 жылдың қарашасында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ы «УБО» АҚ қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорын арқылы уранды байыту жөніндегі ірі кәсіпорын «Урал электр химиялық комбинаты» АҚ-ның акционерлер құрамына кірді. Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолданудағы осы ынтымақтастық компанияға уранды байыту бойынша қызметке рұқсат алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, конверсиялау өндірісін құру мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ инновациялық технологияларды Қазақстанға тасымалдау бойынша жұмыс атқарып жатыр.
Шамамен 40 жыл бойы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорыны «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ жеңіл су реакторлары үшін реконверсиялау және уран диоксидінен отын таблеткаларын өндіру бойынша қызметтер көрсетіп келеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және CGNPC Қытай ядролық-энергетикалық корпорациясы бірлесіп, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ негізінде Қытай атом электростанцияларында ядролық отын күйінде қолдануға арналған жылу бөлгіш құрастырмалар өндіретін зауыт құрылысы жобасын жүзеге асыруда. Жылу бөлгіш құрастырмалар өндірісі 2020 жылдың соңында басталуы күтулуде.