Қазақстан уран ресурстары мен қор көлемі бойынша әлемдегі ең ірі елдердің қатарына кіреді.
Республикада бірінші өндірістік кен орынына (Қордай) 1951 жылы барлау жүргізілген. Айтарлықтай ірі ашулар кейіннен жасалған. 60-шы жылдардың соңында Оңтүстік Қазақстандағы Шу-Сарысу және Іле ойпаттарындағы уран провинцияларына барлау жасалған, олар әлемдегі уран кен қорлары бойынша ең ірісі болып табылды.
Осы ашулардың арқасында Қазақстан жерасты шаймалау тәсілімен өңдеу үшін жарамды, уран қорларын барлау бойынша әлемдік көшбасшы болды.
Қазақстан аймағында табылған көптеген уран кен орындары құрылу жағдайы және тәжірибелік мағынасы бойынша әр түрлі. Геологиялық ұстаным, генетикалық белгілер және территориялық өзгешелігінің тұтастығы бойынша, Қазақстанның кен орындарын алты уран-кен провинциясы құрамында қарастыруға болады: Шу-Сарысу, Сырдария, Солтүстік Қазақстан, Каспий маңы, Балхаш маңы, Іле.
Қазақстан жерасты ұңғылап шаймалау (ЖҰШ) әдісімен игеруге жарамды, барланған әлемдік уран қорларының 67% иеленеді. Демек, Компания әлемдегі ең ірі барланған және болжамдалатын уран қорларын қамтитын бірегей шикізат қорына ие болып отыр. Уран қорларының 100% ЖҰШ әдісімен игеруге жарамды.
Қазатомөнеркәсіп қызметінің барлық бағытын геологиялық қамтамасыз ету және Компанияның уран өндіретін кәсіпорындардың тау-дайындық жұмыстардың технологиялық бұрғылау жүргізуді, Қордай кен орынын ашқан, Волков геологиялық барлау экспедициясының орнын басушы геологиялық барлау кәсіпорыны «Волковгеология» АҚ-ы жүзеге асырады.