Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы
Ол Новосибирск мемлекеттік университетінің, Қазақстан экономика және болжау менеджменті институтының, Atkinson Graduate School of Management, Willamette University және INSEAD түлегі. Әр жылдары «Алтын-Тас» БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры қызметін атқарған.
2005-2007 жылдары Ғалымжан Пірматов «Ұлттық Банк» АҚ Инвестициялық банкинг департаментінің директоры болған.
2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2009-2011 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, және 2011-2015 жылдары Cameco Kazakhstan компаниясының президенті қызметтерін атқарды.
2015-2017 жылдары Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары болған.
2017 жылдың тамыз айынан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы болып табылады.
Қоса атқаратын жұмыс істемейді.