«УКРТВС» БК» Украина-Қазақстан-Ресей жабық акционерлік қоғамы 2001 жылғы қыркүйекте Украинада құрылып, тіркелген болатын.
Акционерлері: ҚШС «Вайс Трейд», «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «ТВЭЛ» ААҚ.
«УКРТВС» БК» ЖАҚ ВВЭР-1000 реакторлық типі бар украиналық АЭС–рын ядролық отынмен қамтамасыз ету, Украинаның, Ресейдің және Қазақстанның ядролық отын циклын жетілдіру және дамыту, істеп тұрған АЭС сақтап қалу және дамыту, Украинаның, Ресейдің және Қазақстанның кәсіпорындары арасында өндірістік-техникалық және технологиялық байланысты құру мақсатында құрылған болатын.
«УКРТВС» БК» ЖАҚ Бас директоры - Неретин Юрий Александрович.
04071, Украина, Киев қ., Константиновская көш., 31