«Самұрық-Қазына» АҚ 2014 жылы бастамашылық еткен трансформациялау бағдарламасы Қор компаниялары тобында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу тез, ыңғайлы және мөлдір өтуі үшін қажетті компонент болып табылады.
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының портфельдік компанияларын трансформациялау бағдарламасына Қазатомөнеркәсіп 2015 жылы «екінші толқынмен» келіп қосылды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен оның еншілес компанияларын трансформациялау кезең-кезеңмен өтетін болады. Компанияда ұйымдастырушылық құрылым өзгертілуде, жаңа операциялық модель енгізілуде, Қазатомөнеркәсіптің құнын төмендететін активтер шығарылуда, арнайы жобалар шеңберінде сатып алулардың жаңа моделі іске қосылатын болады, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мен жаңа АТ шешімдер енгізіледі. Бұдан әрі қарай қызметті тұрақты негізде жетілдіру корпоративтік нормаға айналады.
Трансформация 4 сатыдан тұрады:
0-саты. 2015 ж. ақпан – тамыз аралығы
Дайындық – трансформациялау командасын құру және оны іске жұмылдыру, негізгі құжаттарды дайындау және бекіту, Бизнесті модернизациялау және трансформациялау бойынша кеңес құру.
1-саты. 2015 ж. қыркүйек – 2016 ж. мамыр аралығы
Диагностика және дизайн – мүдделі тұлғалардың тізімін және өзара іс-әрекеттер тізімін анықтау, трансформациялау бағыттарының тізбесін жасау, құндылықтар тізбегін талдау, жоғарғы деңгейлердегі процесстерр картасын әзірлеу, бизнес қағидаттарын, бақылаулар мен тәуекелділіктер матрицасын, ПӘК дарағын әзірлеу, автоматтандыруды басымдыққа шығару және т.б.
2-саты. 2016 ж. маусым – шілде аралығы
Жоспарлау – бастамалар тізбесін дайындау, бизнес-кейстер дайындау, Трансформациялау жобаларының портфелін жасақтау және бекіту.
3-саты. 2016 ж. тамыздан бастап, қазіргі уақытқа дейін
Жүзеге асыру – жобаларды «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының бекітілген Трансформациялау жобаларының портфеліне және Трансформациялау бойынша жол картасына сәйкес іске қосу және жүзеге асыру.
Трансформациялау компания үшін
Қазатомөнеркәсіп анағұрлым заманауи, серпінді, бәсекеге қабілетті компанияға айналады. Трансформациялау бағдарламасының нәтижесінде компания ресурстарды бизнестің құн жасау әлеуеті жоғары бағыттарына шоғырландыра алады, еңбек өнімділігін арттырады, сонымен қатар компаниялардың құнын төмендететін активтер мен жобалардан шыға алады. Еншілес компаниялар, өзгере отырып (өндірістің энергиялық тиімдлігін жоғарылату, өндіріс технологияларын оңтайландыру, ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізу, өз қайта өңдеу қуаттарын дамыту, қызметкерлерді дамытудың және басқарудың ең озық тәжірибелерін қолдану, автоматтандыру және т. б. жолымен), қаржылық және операциялық көрсеткіштерін жақсарта алады және осы параметрлер бойынша өздерінің әлемдік аналогтарының деңгейіне қол жеткізе алатын болады.
Трансформациялау қызметкерлер үшін
Трансформациялау бағдарламасы тек бизнес-процесстер мен технологияларды өзгертуді ғана емес, сонымен қатар компанияның және оның еншілес кәсіпорындарының топ-менеджерлерінен бастап барлық деңгейдегі қызметкерлерінің ойлауы мен іс-әрекетін өзгертуді көздейді. Трансформациялау – бұл өз біліктілігін жоғарылату, оқытудан өту, әлемдік деңгейдегі компаниядан бірегей іс-тәжірибе алу және өз әлеуетін іске асыру мүмкіндігі. Компания қызметкерлердің өзгеріп отыратын мақсаттарға сәйкес келетін жаңа машықтарының дамуына ықпал ететін болады. Яғни, трансформациялау барлық қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.