«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамы жүргізіп отырған трансформациялау бағдарламасының мақсаты - Компанияның барынша ұзақмерзімдік акционерлік құнына, рентабельділікке және қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамында өзгерістер келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
-
Корпоративтік құрылымды және корпоративтік үдерістерді жетілдіру;
-
Техникалық және технологиялық трансформация;
-
Кадр саясатын жетілдіру.
Трансформациялау бағдарламасы техникалық және технологиялық жабдықталу бойынша Компанияның бүгінгі күннің өзінде-ақ халықаралық уран өндіруші озық компаниялармен бір қатарға тұруына мүмкіндік береді.
Трансформациялау Компаниядағы процесстерді бір жерге жинақтап, сипаттауға және реттеуге (мемлекетпен өзара іс-әрекеттер деңгейінен бастап, Компания ішіндегі құрылымдық бөлімшелердің өзара қарым-қатынастары деңгейіне дейін), ақпараттық технологияларды «тексерістен өткізуге», оның ішінде деректерді бірыңғай анықтамалықтарға шоғырландыруға мүмкіндік береді.