Тантал-ниобий өндірісі

Тантал-ниобий өндірісі Үлбі металлургиялық зауытында ұйымдастырылған.

Ол  ТМД аумағындағы жалғыз және әлемде тантал-ниобий қосылған шикізатты  қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар  аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. Әлемдік тантал нарығындағы ТӨ үлесі 12% құрайды. Өнімдердің негізгісі болып тантал құймаметалдары мен ұсақ тіліктер үшін металл табылады.

Алғашқыда тантал қызу шамы үшін сымды дайындау үшін қолданылды.Дегенмен өзінің бірегей қасиеттілігінің арқасында: иілгіштік, мықтылық, тоттануға беріктік, тығыз қорытылу, жоғары коэффициентті жылу бергіштік, организмнің тірі талшықтарымен «сиысу» қабілеттілігімен, металл электроника, химия, машина жасау, ядорлық энергетика, металлургя және медицинада қолданысын тапты.

12%

Әлемдік тантал нарығындағы ТӨ үлесі 12% құрайды.

Олардан химиялық өндіріс үшін тоттануға берік аппаратуралар, элетрондық шамдар саймандарын, жартылай өткізгіш құралдар үшін электрлік конденсаторлар, жасанды талшықтар өндірісінде фильерлер, зертханалық ыдыстар, металдар мен қоспаларды қорыту үшін тиглдер, жоғары температуралық пештерге қыздырғыштар, ядорлық-энергетикалық жүйе үшін жылу ауыстырғыштар дайындайды. Хирургияда осы металды сүйектерді, нервтер мен тігіс жасауды бекіту үшін пайдаланады.

Тантал өнімдері

  • Екі және үш дүркін  электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 3N2, 3N5, 3N7, 4N и 4N5 тантал құймаметалдары
  • Ұсақ тіліктер;
  • Жазық және домалақ тантал илегі;
  • Конденсаторлық тантал ұнтақтары;
  • Конденсаторларға арналған материалдар;
  • TaY құймалары. TaY өнімдері;
  • TaW құймалары. TaW өнімдері;
  • Вакуумдық-доғалық балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 4N5 тантал құймаметалдары.