«КБ-6» ЖШС

«Кенбасқару-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1997 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының құрамына кіреді.

Жалғыз қатысушысы: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.

«КБ-6» ашық атаулы уран өндіруші кәсіпорын Ленинабад тау-химия комбинаты құрамында 1 қаңтар 1983 жылы Қазақ КСР Қызылорда облысы Чиили кенті (қазіргі таңда Шиелі) КССР Орта машинақұрастыру министрінің бұйрығымен құрылған. «КБ-6» ЖШС-гі Қызылорда облысындағы «Солтүстік Қарамұрын» және «Оңтүстік Қарамұрын» кенорындарынан уранды жерасты ұңғылап шаймалау әдісі арқылы өндіруді және оны алғашқы қайта өңдеуді жүзеге асырады.

«КБ-6» ЖШС-нің Бас директоры – Жандос Садырбаев Айтқазыұлы

120703, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Гигант ауыл округі, Солтүстік Қарамұрын №1