Директорлар кеңесіне мүшелікке кандидаттар және Директорлар кеңесінің мүшелері Қоғам акционерлерінің мүдделері үшін Директорлар кеңесінің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және өз міндеттерін орындауға қажет тиісті жұмыс тәжірибесіне, білім мен білікке, іскерлік және (немесе) салалық ортада оң жетістіктерге ие болуға, сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттарында көрсетілген талаптарды қанағаттандыруға міндетті.
Қоғамның Директорлары кеңесінің мүшелік лауазымына:
- өтелмеген немесе заңнамалықтың белгіленген тәртібінде істен алынбаған соттылығы бар;
- жоғары білімі жоқ;
- бұрында, мәжбүрлеп жою немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, немесе заңнамада белгіленген тәртіпте банкрот болып мойындалған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде, басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болған; бұл аталған талап мәжбүрлеп жою немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, немесе заңнамада белгіленген тәртіпте банкрот болып мойындалған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанынан кейін бес жыл ішінде қолданылады;
- Қоғаммен бәсекелес заңды тұлғаның акционері (қатысушысы), лауазымды тұлғасы немесе қызметкері болып табылатын тұлға сайланбайды.
Қоғамның тәуелсіз директорының кандидатурасы мынадай критерийларды қанағаттандыруға тиіс:
- Қоғамның аффирленген тұлғасы болып табылмайды және оны Директорлар кеңесіне сайлауға дейінгі үш жыл бойы аффирленген тұлғасы ретінде болмаған (бұған оның Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдай кірмейді;
- Қоғамның және оның аффирленген тұлғаларының қызметкері болып табылмайды және оны Қоғамның Директорлары кеңесіне сайлауға дейінгі үш жыл бойы болмаған;
- оны Қоғамның Директорлары кеңесіне сайлауға дейінгі үш жыл бойы Қоғамның қызметкерімен жақын туысқандықта (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлі, қарындасы, ұлы, қызы), некеде, сондай-ақ құдалықта (зайыбының (күйеуінің) аға-інісі, әпке-сіңлі, қарындасы, ұлы немесе қызы) болған емес және оны Қоғамның Директорлары кеңесіне сайлауға дейінгі үш жыл бойы болмаған;
- Қоғамның аффирленген тұлғаларына қатысты аффирленген тұлға болып табылмайды;
- Қоғамның лауазымды тұлғаларымен немесе үйымдармен – Қоғамның аффирленген тұлғаларымен бағыныштылықпен байланысты болып табылмайтын және оны Қоғамның Директорлары кеңесіне сайлауға дейінгі үш жыл бойы аталған тұлғалармен бағыныштылықпен байланысы болмаған;
- оны Директорлар кеңесіне сайлауға дейінгі үш жыл бойы Қоғамның ірі клиентінің немесе жеткізушісінің немесе оның аффирленген тұлғаларының аффирленген тұлғасы болып табылмайтын және болмаған;
- Қоғамнан немесе оның аффирленген тұлғаларынан елеулі қаржыландыруды алып отырған коммерциялық емес ұйымның аффирленген тұлғасы болып табылмайтын;
- Қоғамға және оның аффирленген тұлғаларына кез келген ақылы қызметтерді, соның ішінде консультациялық қызметті көрсетпейтін;
- Қоғамның қызметкері Директорлар кеңесі мүшесінің орнын алып отырған заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылмайды;
- Мемлекетік қызметкер болып табылмайтын;
- Қоғам органдарының отырыстарында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның өкілі болып табылмайтын және оны Директорлар кеңесіне сайлауға дейінгі үш жыл бойы өкілі болмаған;
- Қоғамның аудиторы болып табылмайды және оны Директорлар кеңесіне сайлауға дейінгі үш жыл бойы аудитор болмаған;
- Қоғамның аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудиторы ретінде қатыспайтын және оны Директорлар кеңесіне сайлауға дейінгі үш жыл бойы осындай аудитке қатыспаған;
- оны Директорлар кеңесіне сайлауға дейінгі үш жыл бойы Қоғам аудиторының немесе оның аффирленген тұлғаларының аффирленген тұлғасы болып табылмайтын және болмаған.
Қоғам Директорлары кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар ҚР заңнамасында және Қоғамның Жарғысында белгіленеді
Директорлар кеңесінің мүшелері акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен сайланады. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау мәселелері бойынша материалдардың ішінде ұсынылып отырған кандидаттар туралы мынадай ақпарат болуға тиіс:
- тегі, аты, сондай-ақ өз таңдауы бойынша - әкесінің аты;
- білімі туралы мәлімет;
- Қоғамға қарай аффирлендірілгені туралы мәлімет;
- соңғы үш жылдағы жұмыс орны және атқарған лауазымы туралы мәлімет;
- кандидаттың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де ақпарат.
Материалда Директорлар кеңесіне ұсынылып отырған кандидат әлде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның өкілі болып табылатыны немесе ол әлде Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымына кандидат болып табылатыны көрсетілуге тиіс. Директорлар кеңесі мүшелігіне кандидат акционер немесе жеке тұлға болып табылса, онда бұл мәліметтер де материалдарда көрсетілуге тиіс.