Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен Қоғам Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы төленеді және өз қызметтерін орындауға байланысты жұмсаған шығындарының орны толтырылады. Мұндай сыйақылар мен өтемақылардың мөлшері Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен белгіленеді.
Қоғамда белгіленген тәртіпке сәйкес Директорлар кеңесі мүшелерінің міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу тек Қоғамның директорлары кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне және тек -мына мазмұнда белгіленген:
- жылдық тиянақталған сыйақы;
- комитеттің әрбір бетпе-бет өткен мәжілісі жұмысына қатысқаны үшін қосымша сыйақы;
- Директорлар кеңесі және Қоғам Директорлар кеңесі комитетінің отырыстарына баруға байланысты шығындардың орнын толтыру.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тәуелсіз директорларына сыйақы сомасы:
2014
22 609 мың теңгені (салық пен өзге де міндетті төлемдерді есептен алғанға дейін) құрады.
Тәуелсіз директор
2014 жылға (мың теңге)
Рамазанов Т.С.*
1 284
Арсланова З.Ф.
8 400
Спицын А.Т.
12 925
2013
15 200 000 теңгені (салық пен өзге де міндетті төлемдерді есептен алғанға дейін) құрады.
Тәуелсіз директор
2013 жылға (теңге)
Рамазанов Т.С.*
7 600 000
Арсланова З.Ф.
7 600 000
2012
2 918 400 теңгені (салық пен өзге де міндетті төлемдерді есептен алғанға дейін) құрады.
Тәуелсіз директор
2012 жылға (теңге)
Саденов М.А.**
175 800
Рамазанов С.М.**
325 800
Рамазанов Т.С.
1 183 800
Арсланова З.Ф.
1 233 000
Директорлар кеңесінің мүшелері қандай да жеңілдіктерді немесе басқа да сыйақыларды алмайды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-та Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақылар лимиты жоқ, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акциялары түріндегі сыйақылар да көзделмеген.