Омбудсмен

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің Шешімімен (08.02.2018 жылғы №1/18 хаттама) Жылқышиев Болат Әбжапарұлы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Омбудсмені болып тағайындалды

Жылқышиев Болат Әбжапарұлы (өмірбаян)

Байланыс телефоны: +7 (7172) 458 006

ombudsmanatkazatomprom.kz

 
Омбудсмен Директорлар кеңесінің шешімімн тағайындалады және әрбір екі жылда қайтадан сайлануға жатады. Омбудсмен Компанияның лауазымды тұлғалары мен тиісті органдарының қарауына, онымен жүйелі сипатқа ие анықталған мәселелерді және тиісті шешім (кешенді шара) қабылдауды талап ететін, оны шешу үшін конструктивті ұсыныстар жасайды.

Мүдделі адамдар Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің заңсыз және лайықсыз әрекеттері туралы Омбудсменге, оның ішінде аты-жөнін көрсетпей хабарлауына болады. Ондай жағдайда олардың құқықтарына қол сұғылмауға тиісті.

Омбудсмен жыл сайын корпоративтік этика мәселелері бойынша түскен хаттардың есебін дайындайды, содан кейін оны, белгіленген тәртіппен, есепті жылдың соңынан келетін екінші айдың бірінші күнінен кешіктірмей, Қоғамның Директорлар кеңесінің қарауына жібереді.

Директорлар кеңесі омбудсмен қызметі қорытындысын бағалайды және Омбудсмен лауазымындағы тұлғаның құзыреттілігін тоқтату немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды.

Омбудсменнің жұмысты орындау орны, еңбек жағдайы Қоғам Басқармасы шешімімен анықталады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобындағы бұзушылықтар туралы хабарлама

Компанияда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да Өтініштерді қарау тәртібі туралы қағидалар бекітілді және жұмыс істейді, оның мақсаты Компанияның және Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ үшінші тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларын немесе Компанияның және/немесе Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының ішкі нормативтік құжаттарын бұзу тәжірибесімен байланысты құбылыстар туралы жауапты хабарлау мүмкіндігін ұсыну арқылы Компанияның және оның еншілес және тәуелді ұйымдары қызметтерінің ашықтығын арттыру үшін негіз құру болып табылады.

Компаниядағы Өтініштерді қарау тәртібі туралы қағидалармен «Ішкі аудит қызметі» бөлімінде танысуға болады.