Қазатомөнеркәсіп қызметкерлері ірі әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілген, онда материалдық көмек, кепілдендірілген еңбек демалысынан басқа, сонымен қатар оған ерікті медициналық көмек көрсету, мерейтой күндеріне, бала туылуына, неке қиюлуына және өмірдің ауыр жағдайына байланысты мезгілді материалдық төлемдер жатады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-нің кәсіпорындарында ұжымдық шарт жасалған, онда қызметкерлердің құқықтарын қорғауға кепілдік берілген.
Компанияда машықтандырудың тиімді жүйесі құрастырылған және қызметкерлерді айтарлықтай дамыту үшін жағдай жасалған.
Қазатомөнеркәсіп кең спектрлі оқыту бағдарламалары, курстар, тренингтер және семинарлар арқылы: қашықтан оқыту курстарынан бастап шетелде стажировкаға дейін дайындау, қайта дайындау және біліктілігін жоғарлату мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.