«Ақбастау» БК» АҚ

«Ақбастау» бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы 2006 жылдың 3 қарашасында құрылған.

Акционерлері: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Uranium One Amsterdam B.V.»

«Ақбастау» БК» АҚ-ның қызметінің негізгі түрі Түркестан облысында орналасқан «Буденовск» уран кен орнының №1, №3 және № 4 учаскелерін пайдалану болып табылады. Уранды өндіру жерасты ұңғылап шаймалау әдісі арқылы жүзеге асырылады.

«Ақбастау» БК» АҚ Бас директоры - Орынбек Ғылымбек Орынбекұлы

160003, Қазақстан Республикасы, Түркестан облысы, Шымкент қ., Қонаев желекжолы, 83/1